Қосымша білім беру

 Мақсаты: үздіксіз білім беру жүйесінде оқушының Қазақстан Республикасының азаматы және патриоты, кәсіби, зияткерлік және әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті болашақ маман ретінде жеке басының қалыптасуы, дамуы және өзін-өзі көрсетуі үшін оңтайлы жағдайлар жасау.

 Міндеттері:

  • жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, өзін-өзі анықтауға қабілетті, қазіргі өмірдің әртүрлі жағдайларында бағдарлай алатын еркін тұлғаны тәрбиелеу үшін жағдай жасау.
  • РАББ бағдарламасын қосымша білім беру жүйесімен және тәрбие іс-шараларымен интеграциялау арқылы бірыңғай адамгершілік-рухани кеңістікті қалыптастыру.

 БАҒЫТТАРЫ:

 Пәндік-шығармашылық бағыт

  1. «Мен – полиглотпын» көптілділік орталығы
  • Музыкалық бағыт
  1. «Бақыт тамшылары» мейірімді әндер студиясы
  2. «Стиль» вокалдық-хор студиясы
  3. «Жүрек әуені» үйірмесі
  4. «Балдаурен»  вокалдық-хор студиясы және халық аспаптар ансамблі (домбра, сазсырнай, қобыз)
  • Спорттық-сауықтыру және хореографиялық бағыт
  1. Хореографиялық үйірме
  2. «Спорттық және үстел үсті ойындары» үйірмесі: футбол, баскетбол, волейбол, пионербол, ұлттық ойындар, ритмика, спорттық билер, спорттық бағдарлау, тыныс алу жаттығуы, туризм; шахматтар-дойбылар, тоғызқұмалақ және  т.б.
  • Театралдық-эстетикалық және әлеуметтік бағыт
  1. «Үйлесім» – бейнелеу өнері студиясы
  2. «Шабыт» театралдық студиясы
  3. «Шеберлер қаласы» сәндік-қолданбалы шығармашылық үйірмесі: керамика, аппликация, киіз басу, қағаз пластикасы, костюмді модельдеу және тігу, тоқу, кесте тігу, сурет салу, аспаздық өнер, құрастыру, мүсін жасау
  4. Киноклуб
  5. «Өмір панорамасы» баспасөз орталығы
  6. «Мейірімділік жолымен» клубы
  7. «Балаларға берілген жүрек» мұражай үйірмесі

 

«ӨМІР ПАНОРАМАСЫ» БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ

 Қоғамның ақпараттық құрылымын өзгерту балалармен жұмыс формаларына жаңа көзқарасты қажет етеді. Жаңа ақпараттық технологиялар әлемді танудың және ондағы өзін-өзі танудың құралы болуы керек.

Бүгінгі таңда оқушылардан тек білім ғана емес, сонымен қатар жағдайды талдай білу, белсенділік, бастамашылық және қиын жағдайда шешім қабылдау қабілеті қажет. Журналистика жасөспірімге «ересек» өмірдің дәмін сезінуге және БАҚ құру процесіне қатысуға мүмкіндік береді.

 Мақсаты:

Оқушылардың журналист мамандығына қажетті әдеби және медиа-шығармашылық саласындағы қабілеттерін анықтау және дамыту. Белсенді азаматтық ұстанымды, патриотизмді қалыптастыру, журналистік қызметке тарту арқылы шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту.

 Міндеттері:

  1. Өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау: балалар мен ересектердің әлеуметтік бастамаларын қолдау, тұлғаның шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қасиеттерін дамыту.
  2. Рухани және мәдени мұраны, жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау.
  3. БАҚ арқылы мектеп өмірін жариялау үшін ақпараттық кеңістік құру: оқушыларды, мұғалімдерді, ата-аналарды гимназия қызметі, мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері туралы уақтылы хабардар ету.
  4. Гимназия қызметіне оқырмандардың қызығушылығын арттыру және дамудың жаңа жолдарын іздеуге ынталандыру.

 

«МЕН – ПОЛИГЛОТПЫН» КӨПТІЛДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ

 Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, Орыс тілі ұлтаралық  қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай  кірігу  тілі.

Н.А. Назарбаев

 Мақсаты: көптілділікті дамытудың үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибесімен ынтымақтастықта РАБ-пен интеграцияда көптілділік кеңістігінің инновациялық білім беру моделін енгізуге және дамытуға ықпал ету.

 Міндеттері:

  • Салауатты өмір салтын ұстанатын, өмір бойы оқуға қабілетті, қазақстандық және халықаралық жетекші университеттерге түсуші функционалдық сауатты, патриоттық, жауапты, көптілді, креативті және сыни ойлайтын оқушыларды қалыптастыру мақсатында түрлі конкурстар мен іс-шараларға қатысу үшін оқушылар мен мұғалімдерді тарту арқылы оқыту және шығармашылық ортаны құруға ықпал ету;
  • Орталықтың үштілділігін дамыту мақсатында мұғалімдер мен басқа да Педагог қызметкерлердің кәсіби дамуын қолдау.
  • Біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында әлемде танылған білім және ғылым ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету.