«Бөбек» бөбекжай-балабақшасы 

«Әр адамның жаны – әдемі гүлдің өркені, бірақ ол гүлдей ме, жоқ па, ол адамның отбасында және балабақшада алған тәрбиесі мен білімінің руханиятына байланысты»

В. Сухомлинский.

Бөбекжай-балабақша РМҚК «Бөбек» ҰҒПББСО үздіксіз білім беру жүйесіндегі бірінші қадамы болып табылады. Оқыту Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының үлгілік бағдарламасы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Бөбекжай-балабақшасы қызметінің негізгі бағыттары: – дені сау, жан-жақты дамыған, еркін тұлғаны қалыптастыру; баланың қабілеттері мен жеке жас әлеуетін барынша ашу; мектепке дайындау.

«Бөбек» бөбекжай-балабақшасындағы білім беру үрдісі балалардың дарындылығын ерте дамытуды көздейтіндей етіп 3 бағыт бойынша құрылған: дене шынықтыру-сауықтыру, зияткерлік-коммуникативтік және шығармашылық-эстетикалық даму. Бұл мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудың негізгі ресурсының бірі және балабақша қызметінің айрықша ерекшелігі болып табылады. Осы мақсатта қосымша білім беру сабақтары да енгізілген: жүзу, хореография, партерлік гимнастика, сауықтыру гимнастикасы (дұрыс тыныс алу, жалпақ табандылықтың алдын алу үшін денсаулық жолында жүру), қатайту процедуралары, құм терапиясы, М.Монтессори әдістемесі бойынша сабақтар, В.В.Воскобовичтің дамытушы  ойындары, вокал, театр студиясы және өнер шеберханасы.

Бөбекжай-балбақшасында «Достастық» ата-аналар клубы жұмыс істейді. Отбасы мен балабақша – бұл балаларды әлеуметтендірудің екі маңызды институты, олардың әрқайсысы балаға әлеуметтік тәжірибе береді.

Біздің ұжым мүшелерінің әрқайсысы  ата – анамен қарым-қатынастың барлық атмосферасының маңызды екенін, педагогтардың  ата-аналармен күш-жігерді біріктіре отырып жұмыс істеуге мұқтаж екенін, ата-аналар мен педагогтар одақтастар екенін және олардың кеңесі мен көмегінсіз бала тәрбиелеу және оқыту жолындағы жұмыстарын жүйелі жасау қиынға соғатынын  үнемі жеткізіп отыруға тырысады.

Біздің ұжым-бұл үлкен жұмыс тәжірибесі бар ғана емес, сонымен қатар балаларды шексіз жақсы көретін және әрқайсысында ғажайыпты көретін кәсіби мамандар тобы.