Дана жазушы С. Соловейчиктің мына бір сөзіне келіспеу мүмкін емес: «Жер бетінде үш мәңгі мамандық бар: дәрігер, жер күтуші және мұғалім».

Сенімділікпен айтар болсақ: колледжде қандай мамандық бойынша білім алып жатқандарына қарамастан жастар бәрінен бұрын негізгі жан дүниесі таза, рухани бай, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу керек екенін ұғынады.

Колледж Тянь-Шань тауының етегіндегі курортты-санаториялық аймақта, «Бөбек» орталығының аумағында орналасқан. Колледжде тәжірибелі педагогикалық ұжым жұмыс жасайды, заманауи материалды- техникалық қормен жабдықталған және жайлы жатақханалары бар.

Колледж Мемлекеттік лицензия негізінде жұмыс жасайды, оқу үдерісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіби білім стандартына сәйкес жүргізіледі (МЖМБС ТжКБ ҚР).

Колледждің стратегиялық мақсаты

«Өзін-өзі тану» колледжінің бірыңғай білім кеңістігінде рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялай отырып, педагогтардың жаңа буынын дайындау.

Колледж контингенті

Колледжде 741 студент күндізгі оқу түрі бойынша білім алады, топтардың саны – 28, орташа адам саны – 25. Оқу жылы емтихан сессиясымен қорытындыланатын екі семестрге бөлінген.

Колледждің кадрлық құрамы

Колледждің оқу үдерісін 43 штаттағы оқытушы жүзеге асырады, оның ішінде 24 оқытушы жоғары және бірінші біліктілік санатының иегерлері.

Колледж ұжымын таңдаған мамандығын ықыласпен меңгеруге жетелейтін әрбір студентке деген ерекше бір жылы және мейірімді қарым-қатынас ерекшелеп тұрады. Педагогтар сонымен қатар студенттердің ішкі қасиеттерін ашуға және оны тұлғаның неғұрлым толық және заманауи дамуы үшін пайдалануға тырысады. Тәжірибелі ұстаздар оқу барысында достық, түсіністік қарым-қатынасын орнатуға көмектеседі.

Ресурстық қамтамасыз ету

Колледжіміздің кабинеттері кең , жарық және жайлы. Олар қазіргі заманға қажетті жабдықтармен қамтылған: компьютерлер, бейне құрылғылар және интерактивті тақта, сонымен қатар ғаламторға шығу да қарастырылған.

Әртүрлі энциклопедиялармен, сөздіктермен, классикалық және қазіргі заман жазушыларының кітаптарымен жабдықталған кітапхана бар. Колледж спорттық құрал-жабдықтарға бай: кең спорт залы, хореография және соңғы үлгімен жабдықталған тренажер залдары, сондай-ақ футбол, баскетбол алаңдары мен теннис корті бар.

Таңертеңгі және түскі ас кездерінде бірнеше жайлы асханалар студенттерді қонақжайлылықпен қарсы алады.

Әртүрлі іс-шаралар өткізуге арналған акт залы заманауи мультимедиялық жабдықтармен жарақтандырылған.

Оқу кезінде студенттер колледж аумағында орналасқан жайлы жатақханаларда тұрады. Колледж аумағында студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рұқсатнамалық тәртіппен кіру жүзеге асырылады. Денсаулығы сыр беріп жатса студенттерге медициналық көмек көрсетіледі.

Студенттің бос уақытын ұйымдастыру

Студенттерге арналған көптеген әртүрлі мәдени-көпшілік және спорттық шаралар ұйымдастырылады, олар: экскурсиялық сапарлар, байқаулар, концерттер, шығармашылық қабілеттері мен көпқырлылықтарын ашуға мүмкіндік беретін секциялар мен үйірмелер жұмыс жасайды. Би өнерінің қызығушыларын түрлі республикалық, қалалық байқаулардың жеңімпазы «Ерке-Наз» би ансамблі күтсе, әнсүйер студентті колледж хорынан көресіз, сонымен қатар сабақтан кейін қатысуға болатын мынадай үйірмелер мен секциялар бар: көркемсурет студиясы, әдебиет клубы және киноклуб.

Студенттер концерттер мен көркемөнер фестивалдеріне қатыса алады. Орналасқан аймақтағы гүлдеген ағаштар мен төгілген жемістер, табиғаттың қайталанбас ғажап бейнесі демалатын нағыз орын. Орталықтың аумағында колледж асханасы пайдаға асыратын алма бағы бар.

Олай болса, біздің оқу орнымызда нәтижелі білім алу және шығармашылық жетілу үшін барлық қажеттілікті табуға болады.