![](https://www.bobek.kz/wp-content/themes/bobek/img/grat/1.jpg)
![](https://www.bobek.kz/wp-content/themes/bobek/img/grat/2.jpg)
![](https://www.bobek.kz/wp-content/themes/bobek/img/grat/3.jpg)
![](https://www.bobek.kz/wp-content/themes/bobek/img/grat/4.jpg)
![](https://www.bobek.kz/wp-content/themes/bobek/img/grat/5.jpg)
![](https://www.bobek.kz/wp-content/themes/bobek/img/grat/6.jpg)
![](https://www.bobek.kz/wp-content/themes/bobek/img/grat/7.jpg)
![](https://www.bobek.kz/wp-content/themes/bobek/img/grat/8.jpg)
![](https://www.bobek.kz/wp-content/themes/bobek/img/grat/9.jpg)
![](https://www.bobek.kz/wp-content/themes/bobek/img/grat/10.jpg)
![](https://www.bobek.kz/wp-content/themes/bobek/img/grat/11.jpg)
![](https://www.bobek.kz/wp-content/themes/bobek/img/grat/12.jpg)
![](https://www.bobek.kz/wp-content/themes/bobek/img/grat/13.jpg)
![](https://www.bobek.kz/wp-content/themes/bobek/img/grat/14.jpg)
![](https://www.bobek.kz/wp-content/themes/bobek/img/grat/15.jpg)
![](https://www.bobek.kz/wp-content/themes/bobek/img/border-g2.png)
Мектебің мынау, класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
М. Мақатаев
Біздің түлектеріміз – «Өзін-өзі тану» гимназиясы мен «Өзін-өзі тану» Гуманитарлық колледжінің түлектері. 2005 жылы гимназия ашылған кезеңнен бастап оқу орнының қабырғасынан 322 оқушы түлеп ұшты (12 бітіріп шығу). Бүгінгі таңда олардың көбі – табысты кәсіпкерлер, білікті заңгерлер, менеджерлер және экономистер.
2009 жылы ашылған колледж 500 дипломды маманды – өзін-өзі тану және бастауыш сыныптар мұғалімін, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілерін даярлап шығарды.
Біз өзіміздің түлектерімізді мақтан тұтамыз. Олар өмірдегі сан салалы іс-әрекет, қызметтерінде жемісті еңбек етіп жүр. Біздің түлектер – өмірдің мәні мен өздерінің алдына қойған мақсаттарын айқын түсінетін, өздерін және айналасын құрметтеп, сүйіспеншілікпен өмір сүріп, өз ортасында бақыт кеңістігін құратын кемелденген тұлғалар. Өзін-өзі тану арқылы олар балалық шағынан бастап сүйіспеншілік пен қайырымдылықты, сондай-ақ ең маңызды ғылым – Ар-ұждан ілімін игеріп өскен. Біздің түлектеріміз бұл құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, өздерінің есейген шақтарында, еңбекте, қарым-қатынаста басты бағдар ретінде ұстануда.