Біздің болашағымыз бүгіннен басталады.
Біз оны қалай елестетеміз?
Жауап бірауыздан –бақытты!

123

Колледжде авторы Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы Сара Алпысқызы болып табылатын «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы негізінде оқи отырып, біз жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы дүниетанымымыздың жаңа көкжиегін ашамыз.

Біздің қызметіміз тек пән бойынша білім алып қана қоймай тәрбиелі адам болу, өмірдің кез-келген жағдайларында парасатты, байыпты адам болып қалу.

kllk

Біздің студенттік өміріміз – бұл, шаттыққа толы, шығармашыл да жасампаз, үлкен де тату отбасының өмірі. Бұл шабыттың, кіршіксіз ойлардың, өз күшіне сенудің шексіздігін көрсететін көрнекті оқиғалар мен шаралар. Біздің таңдауымыз – Қазақстанның нағыз азаматы атану, мейірімді және шыншыл болу. Отанымызды гүлдендіру жолында еңбек ету, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде өмір сүру. Біздің болашағымыз бүгіннен басталады!

jkgh

Колледждегі біздің ең сүйікті шараларымыз – Шаттық және Сүйіспеншілік шеңбері, Өзін-өзі тану сағаттары, қайырымдылық акциялары, концерттер, спорттық-сауықтыру шаралары, байқаулар, психологиялық тренингтер, қызықты адамдармен кездесулер. Бұл әрине біздің студенттік өмірімізді қызыққа толтыратын, мазмұнды ететін шаралардың бәрі емес бірегейі ғана. Бізді қоршаған атмосфера – бұл жағымды да терең ойлануға себеп болатын, сенім мен Сүйіспеншілік.

Біздің студенттік өміріміз мына жалпыадамзаттық
құндылықтар негізінде құрылады:

…Қарап отырсам, мен өлең шығарамын, билей аламын, менің айналамда қаншама жақсы адамдар бар екенін көре аламын, әлемнің керемет, үйлесімге толы екенін түсіне аламын. Мен ешқашан өте жақсы оқимын және ол осынша деп ойлаған емеспін. Мен өзімнің болашағымды елестете аламын және бақытты болатыныма сенемін. Ол үшін өміріңді мазмұнға тортыра отырып, қайырымды істер жасау және бәрін Сүйіспеншілікпен орындау керек. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде өмір сүру. Колледжде оқу барысында мен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының кез-келген адамның жеке тұлға ретінде гүлденуіне мүмкіндік беретінін түсіндім. Мен тағы да «Өзін-өзі тану» Бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваға және менің сүйікті ұстаздарыма алғысымды білдіргім келеді.

3 курс студенті Советбаева Айдананың эссесінен