«БӨБЕК» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫ

«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының тарихы — бұл қоғамның жасампаз күші сіңірілген қайырымды істердің үздіксіз эстафетасының жарқын шежіресі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК 1995 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев іргетасын қалағаннан бері өз қызметін жүргізіп келеді. «Бөбек»  орталығының  жасампаздық іс-әрекетінің дамуында орталықтың  балаларды, жасөспірімдерді  жалпыадамзаттық құндылықтар ретіндегі адамгершілік-рухани құндылықтармен таныстыру және солардың негізінде өзін-өзі тануға, өзін-өзі анықтауына, өзін-өзі  жүзеге  асырып, өзін-өзі  жетілдіріп, кемелдендіруіне деген ұмтылысын дамытуға  бағытталған игілікті миссиясының болашағын айқындаған бірқатар  өзекті хронологиялық оқиғаларды атап  өтуге  болады.

5 қараша 1997 ж. – Назарбаева Сара Алпысқызының  бастамасымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  құрамында «Республикалық балалар сауықтыру-оңалту орталығы» құрылды, орталықтың қызметі бірте-бірте кеңейіп, балалардың физикалық  сауығуына, олардың  рухани дамуы  мен  білім алуына бағытталды.

15 сәуір 1999 ж. – Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 413 Қаулысына  сәйкес «Республикалық балалар сауықтыру-оңалту орталығы» «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  «Бөбек» Республикалық оқу-сауықтыру  орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны деп аталды.

Наурыз 2001 ж. – Сара Алпысқызы Назарбаева  «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасының жобасын әзірлеу бастамасын көтерді.

Қараша 2002 ж. – «Бөбек» орталығында эксперименталдық «Өзін-өзі тану» мектеп-гимназиясы ашылды.

Сәуір 2002 ж. – Орталық базасында Адамның  үйлесімді  дамуы  институты құрылды.

Сәуір 2003 ж. – «Бөбек» орталығы  еліміздің білім беру  ұйымдарында «Өзін-өзі тану» эксперименталдық бағдарламасын мақұлдау және  енгізу бойынша басты  үйлестіруші болып анықталды.

Қараша 2003 ж. – «Бөбек» орталығы «Білім және ғылым» аталымы  бойынша Өнеркәсіпке қолдау көрсету  Ассоциациясының Алтын медалімен марапатталды (Париж қаласы, Франция).

30 қыркүйек 2004 ж. – Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1005 Қаулысымен «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  «Бөбек» Республикалық оқу-сауықтыру  орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім  беру  және сауықтыру орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  деп аталды.

Наурыз 2006 ж. – «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР МЖМБС) бекітілді.

Тамыз 2009 ж. – «Бөбек» ҰҒПББСО құрылымында гуманитарлық колледж, гимназия 2, «Өзін-өзі тану» балабақшасы, астрономиялық  обсерватория ашылды.

Қазан 2009 ж. – Еліміз бойынша 184 «Өзін-өзі тану» эксперименталдық алаңдарының тәжірибесі жинақталды.  Білім  берудің  барлық  деңгейлері  үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындалып, мақұлданымнан  өтті.

1 қыркүйек 2010 ж. –  «Өзін-өзі тану»  оқу  пәнін Қазақстан Республикасының  үздіксіз білім беру  жүйесіне: балабақша-мектеп-колледж-жоғары  оқу  орнына  жаппай енгізу  басталды.

Желтоқсан  2012 ж. – «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру  бойынша бірыңғай  тұжырымдамамен   біріккен әртүрлі  қызметтері бар көпфункциялы алаң болып табылатын көпсалалы ақпараттық-ресурстық портал  әзірленді.

2013 ж. басынан  бастап «Бөбек» орталығының Адамның  үйлесімді  дамуы  институты тұлғаның үйлесімді  дамуы мақсатында үздіксіз білім беру  жүйесінің құндылықты әлеуетін нығайтуға  бағытталған жаңартылған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасын  жүзеге  асыруда.

«Өрлеу» БАҰО АҚ дәріскерлері қатарынан жаңартылған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасы бойынша дайындалған сертификатталған тренерлер қазіргі уақытта еліміздің барлық аймақтарындағы педагогтерге әдістемелік  көмек көрсетуде.

Білім беруді  ұйымдастырушыларға арналған курстар  білім беру жүйесі басшыларының «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасы контексіндегі  кәсіби көзқарасын өзгертуге бағытталған.  Бұл курстар тыңдаушылардың осы санатының  шынайы көшбасшылық жөніндегі адамдарға қызмет ету арқылы анықталатын көзқарасын, түсінігін қалыптастырады.

Сонымен қатар, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасы бойынша педагогтер  даярлайтын педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының оқытушыларына арналған курстар бар. Бұл курстардың мазмұны мұғалім іс-әрекетінің рухани-адамгершілік аспектілерін, сондай-ақ  оқушы  тұлғасының  қалыптасуының басты факторы  ретіндегі педагогтің  адамгершілік беделі  мен жеке  басы  үлгісінің рөлін қамтиды.

Қаңтар 2013 ж. – басшы  органдар және білім  беру  ұйымдарының адамгершілік-рухани білім беру мәселелері бойынша әрекетін үйлестіруді  жүзеге асыру, «Өзін-өзі тану» білім  бағдарламасын ұйымдастыру  және  жүргізудің бірыңғай талаптарын әзірлеу, сондай-ақ халықаралық және ұлттық білім стандарттарын жақындастыру мақсатында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру  бойынша Республикалық кеңес құрылды.

2013 ж. –  Еліміздің оқу  орындары оқушыларының арасында өзін-өзі танудан бірінші  Республикалық  олимпиада өткізілді.

2013 ж. – 2014 ж. –2014 жылдың тамыз айында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын біртұтас педагогикалық  үдеріске енгізу бойынша пилоттық білім  беру  ұйымдарының тізімі бекітілді. Пилоттық алаңдар  мәртебесіне Қазақстан Республикасының  үш аймағында  (Астана қаласы, Қарағанды, Ақтөбе  облыстары) 25 білім беру ұйымы, оның ішінде – 6 мектепке дейінгі білім ұйымдары, 13 мектеп, 6 колледж ие  болды.

2014 ж. – «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттырудың 3 деңгейлік бағдарламасын іске  асыру үшін «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның филиалдары қызметкерлерінің қатарынан тренерлер  даярланды.

2014 ж.  – 2015 ж. – «Өзін-өзі тану» пәні бойынша техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің барлық мамандықтары  үшін үлгі (типтік)  бағдарламалары әзірленді.

2015 ж. – «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша Қазақстан Республикасы  педагогикалық  қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың 3 деңгейлік бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары  өз жұмысын бастады.

2016 ж. – Пилоттық білім  беру   ұйымдарының желісі кеңейді – еліміздің барлық аймақтарында 81 ұйым (балабақшалар, мектептер, колледждер) жұмыс  жасайды.