Тәрбиенің заманауи жүйесі отбасылық тәрбиенің ғасырлар бойғы дәстүрлерімен байланысты. Қазақстанда отбасы дәстүрлі түрде ең маңызды тәрбие институттарының бірі болып табылады. Отбасы ұғымы қалыптасқалы бері, адамның басты міндеті – балаларды тәрбиелеу болып келеді.
Рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі — бала өмір сүретін ортаның рухани мәдениеті, оның қалыптасуы мен дамуы, ең алдымен – отбасының рухани мәдениеті. Отбасындағы рух, баланың ең жақын әлеуметтік ортасын құрайтын ата-аналар өмір сүретін рух оның ішкі әлемінің қалыптасуында шешуші болып табылады. Рухани-адамгершілік тәрбие, негізгі қабілеттерді дамыту ретіндегі басты міндет қана емес, сонымен қатар ересектер мен отбасындағы балалар арасындағы алауыздықты жеңудің құралы болып табылады.
Бала үшін отбасы – бұл бүкіл әлем. Ол өмір сүретін, әрекет ететін, жаңалық ашатын, сүюді, қуануды және жанашырлықты үйренетін әлем. Отбасында бала қарым – қатынастың бастапқы тәжірибесіне ие болады, сонымен қатар, отбасы – баланың адамдар арасында өмір сүрудегі алғашқы әлеуметтік тәжірибесі болып табылады.