Карабут Олег Степанович
Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл.
телефон: 8(727)299-76-44,
87012033399, 3 қабат, №329 кабинет
mail:karabut.oleg.s@mail.ru
2023 жылғы 17 ақпанда “Бөбек “ҰҒПББОО” РМҚК “ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесі”тақырыбында бейнеконференция режимінде семинар өткізді. Семинар барысында екі мәселе қаралды:
- Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде құрылған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қызметкерлердің сақтауын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің атқаратын жұмысының негізгі міндеті туралы;
- “Бөбек” орталығының аумағында және оқу бөлімшелерінде балалар мен студенттердің қауіпсіздігін сақтау туралы.
Орталықтың Комплаенс-офицері О.С. Қарабут экранда қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа қатысты слайдтарды көрсетті, онда көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін атап өтті. Білім беру секторының қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге және олардың сыйлықтар беру және алу жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Құқықтық жұмыс және Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Мәдімәр Н.С. өз сөзінде барлық педагог қызметкерлер мен қауіпсіздік қызметі бөлімшесінің қызметкерлерінің оқу бөлімшелерінің қабырғасында және “Бөбек”орталығының аумағында болған кезде балалар мен оқушылардың өмірін сақтауды қамтамасыз ету бойынша бекітілген шаралардың сақтауына назар аударды. Одан кейін тыңдаушылармен ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 «Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығының мазмұны талқыланды.
Семинар қорытындысы бойынша білім беру секторының басшыларына жұмыс жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен әдеп ережелерін сақтау бойынша педагогикалық ұжымдарда басшыларды үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және тоқсанына кемінде бір рет комплайнс-офицерге жүргізіліп жатқан жұмыс туралы жазбаша есеп (хаттама) беруді назарларына жеткізілді. Білім беру құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қауіпсіздік қызметі балалар мен оқушылардың қауіпсіздігін күнделікті бақылауды күшейтсін. “Бөбек”орталығының аумағына алып жүруге тыйым салынған заттардың кіргізбеуіне ерекше көңіл аударуы қажет.
Антикоррупция
Ереже-Комплаенс-офицер-23ж
Бұйрық-Комплаенс-офицер-220523ж
Ата-аналардан ақша қаражатын жинауға тыйым салу туралы бұйрық
Приказ № 86-БСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл хаттамалары
1 хаттамаСыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу қағидалары
Правила-пров-антикор-экспертизыкзҚазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚк-ң» 2021-2023 жылдарға жоспары
планкзЖемқорлыққа қарсы стандарт
Антикоррупционный стандарт 2020 каз“Бобек” ҰҒПББСО РМҚК жұмыскерлерінің Нұрлы жер мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қатысушыларына сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді өткізу туралы 2019 жылғы 5 маусымдағы келісім негізінде сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлерге кезектілік тізімі
список очередности на сайт август 2020казКезектілік тізімі көшіріп алу