Болашақ мектеп  табалдырығын  аттаушылардыңата-аналары  үшін  әдістемелік ұсыныстар!

Қазіргі  таңда  балалардың  мектепке дайындығы  өзекті  мәселе  болып табылады.Бұл соңғы кездерде мектепте болып жатқан білім берудің түрлі өзгерістерге ұшырауы,жаңа бағдарламалардың енгізілуі ,структуралық өзгеруімен байланысты.

Структуралық өзгерістердің негізгі идеясы ата-аналардың жиі қойылатын сұрақтарына жауап болып табылады.Баланың мектепке дайындығын анықтауға бола ма? Әрине,иә.Қазіргі кезде балаға мектепке арналған қарапайым,тәжірибеде қолдануға өте жеңіл,әрі сенімді сынақтар әзірленген.Мынаған назар аударыңыз,мектепке дайындықты интеллектуалды  даму деңгейімен бағалау-ата-аналардың ең көп тараған қателігі.Көпшілік мектепке дайындықтың басты тармағы-баланың білуге тиіс білімінің шама-шарқында деп түсінеді.Баланың мүмкіндіктерін есепке алмай жатып-ақ көп нәрсеге ұмтылады.Бұндай ата-аналар баласына бәтеңкесінің бауын байлауды үйретпей жатып,айдаладағы баласының басына кірмсйтін нәрселерді «тықпалағысы»келеді.Ойлап қараңызшы;алты жасар бала галактикада шоқжұлдыз барын қайдан білсін,өзі қай көшеде тұратынын да білмейді.Ал,біреулер баласына энциклопедия сөздіктерін түгел жаттатып қойған.Ол, керісінше қарапайым ғана тапсырманың қалай шешілетінінен де хабары жоқ,өз құрдастарына жоламайды,олардан қорқады…

Балаға санауды үйреткенде де 100-ге дейін ғана үйретіп, одан әрі көп қызыға бермеу керек.Оданда 5-санының көлемінде жеңіл арифметикалық есептер берген жөн.Мынандай жағдайларда болған: бала 10-дықтың көлеміндегі есептерді орындағанымен  «1 үлкен ба? әлде 2 үлкен ба?»-деген сұрақтарға жауап бере алмаған. Кейбір ата-аналар  ойлайды,олар үшін баласы мектепке дейін-ақ оқу-жазуды білсе болды,ары қарай мектепті үздік оқып кетеді деп. Бірақ, бұл аздық етеді.Назар аудару,есте сақтау,ойлау,пікірін білдіру,ұсақ моторлық дағдылар сияқты процесстерді де дамытып ,жетілдіруді ұмытпаған жөн.

Ең бастысы мектепке барған алғашқы күннен бастап  бала мектеп талаптарын қабылдай ма?(сабақта отыру,мұғалімді тыңдау,тапсырма орындау т.б.)өзінің мінез-құлқын бақылауда ұстай ала ма?белгіленген тәртіпке бағына ала ма? Міне,баланың мектепке дайындығының ең негізгі өлшемі де осы!

 

Оқушыларғаарналған емтиханға  дейінгі  әдістемелік  ұсыныс.

Жұртшылық  алдында  сөйлеу  кезінде  толқымас  үшін  әрқайсысымен  таныс. Емтиханда, бақылау  аларда  сабақта  оқушылар  ондай  жағдайға  жиі  түседі. Бұл  мәселеден  шығудың  екі  жолы  бар: Біріншісі; оқи  алмау, білімнің  төмендігі, екіншісі: білімі  жақсы  болсада  психологиялық  дайындықтың  жеткіліксіздігі. Даярлық  кезінде  жақсы, алғыр  оқушыға  оқу  пәні  бойынша  бақылау  емтиханын  қалай  тапсыруды  көрсетіп, басқа  балалардың  алдында  үлгі  ретінде  дұрыс  жауап  беруге  үйрету. Емтихан  кезінде  бір  оқушының  қабілетсіздігі  басқа  балалардың  алаңдаушылығын  тудырады.

Емтиханға  дайындалу  кезінде, жүйелі  түрде  жоспар  құру  керек. Сіздің  кім  екеніңізге  байланысты  емес, қандай  оқушы  болсаңызда, міндетті  түрде  бір  күннің  жартысын  дайындыққы  бөлініз. Нақты  шешім  қабылдап, сол  күні  дайындалу керек екенісанаға  жатталу  керек.

Алғашқы  дайындықты  ең  қиын, ең  ауыр  білмейтін сұрақтан бастау  керек.  Себебі, сіз әлішаршамай  белсенді  тез  ұғынып  аласыз. Егер  дайындалғың  келмесе  басыңа  ешнәрсе  қонбайды. Ондай  жағдайда  өзің  ұнататын, ең  қызықты  жақсы  білетін  тапсырмалардан  бастаған  жөн. Бір  қалыпты  жұмысқа  кіріскенде  жақсы  көңіл-күй  өзінен өзі-ақ  туындай  түседі. Міндетті  түрде  40минут  дайындалып, 10 минутқа  демалыңыз. Бар  материалды  қайталау  кезінде  психологиялық  есте  сақтау  аспектісінде  көңіл  бөлеміз. Заманауи ғылым  жадта  информацияны  сақтау  және  көбейтуді  есте  сақтау  жүйесі арқылы қайталау  кезінде  қалыптасады. Әйгілі  ағылшын  физиологы  Фей  Уолтер  өз  кітабында  былай  деген:

«Тірі ми»  есте  сақтауды  мынандай  пікірмен  білдерген: «Жад – бұл столға  қойылған  тиын  емес, үнемі  жанып  тұрған  шырақ» – деген. Бұл  тұжырымнан  активтілік, барлық  интеллектуалды  процестер  (ойлану, назар  аудару) жадта  есте  сақтаудың  жоғары  деңгейде  болатынын  ұғынамыз. Сондықтан, өткен  материалды  ұғынып, бар  зейінмен, келесі    тақырыппен  байланыстыра  қайталау ,есте  сақтаудың  оңай  жолы  болып табылады.  Кейбір заңдылықты  есте  сақтау:

  1. Аз айтуданда  үлкен  үзіндіні оқыған маңызды
  2. Есте сақталатын тақырыптар жүйелі ,нақты болса,түсіну дәрежесі соғұрлым жоғары болады.
  3. Таратылымды есте сақтау жақсы сақталады.Тоқталып аздан оқыған тиімді,тоқтаусыз оқығаннан да
  4. Көп рет жай оқығанша,уақытты есте сақтап қайталап оқыған тиімді.
  5. Егер екі материалмен жұмыс жасасаң,күрделісінен,көлемдірегінен бастау керек.
  6. Адам түсін есте сақтамайды,ұмытпайды да.
  7. Қайталау-оқыған мәтінді өз сөзіңмен жеткізу.Бұл қайталау жақсы нәтиже береді.

Бірінші қайталау, оқып болғансоң болады.Екінші қайталау алдыңғысынан 20 мин.өткенсоң болады.Үшінші қайталау 8 сағ өткенсоң болады.Төртінші қайталау бір тәуліктен кейін болады.Қайталау методикасының 5 пунткті бар.1п.Берілген мәтінді,тапсырманы қарап шығу.2п.Оқыған мәтінге сұрақ ойлап табу.3п.Негізгі жерін қарындашпенсызу.4п.Мәтін мазмұнын айту.3п.Мәтінді қайталай қарау,есте сақтау.

-Бізге не керек?-Бұл білгенімізді басқа білгенімізбен байланыстыра аламызба?-Білгенімізді өмірде қолдана аламызба?Міне,соларды есте сақтауымыз керек!

Еңбекқұмарлықты дамыту шарты:

1.Дене және ой еңбегін кезекпен жүргізу.2.Ақыл-ой гимнастикасында есте сақтаудың артықшылығы  білінеді.Бастың төбе бөлігіне шырақ  немесе тік тұратын зат(ыдыс,шыны) қойып,біраз уақыт тұруқажет.Абайлап,ақырын жүруге де болады.3.Көзге арналған жаттығу жасау.Әр 20-30минут сайын көзді кітаптан алып,алысқа қарап,шеңбер бойымен айналдыру қажет.4.телевизорды аз көру қажет.Көз шаршаса тағы не істеу керек? Емтиханға  дайындалғанда бар күш көзге түседі.Көз шаршаса,ағза да шаршайды.Емтихан тапсырмасын орындауға күші жетпеуі мүмкін. Ондай кезде көз демалатын әдісті қолдану керек.Мына жаттығудың кез-келгенін жасауға болады:1.Алыс пен жақынға кезек-кезек қараңыз.2.Алғашқы сұрақтарға ұзақ уақыт кетіріп,толығымен орындап отырмай,білетініңді белгілеп ,келесі сұраққа көш.3.ауызша емтиханды міндетті түрде схема құрып түсін.4.Жауптың берілген сұрағы бойынша берілген негізгі ой мен күнінің астын сызу.5.Сеніңіздер!Басынан аяғына дейінгі  түгел жауапты өткізуде нәтиже бар.6.Жазба жұмысын тексермей өткізбеңіз.

Біріншіден,сұрақты тыңғылықты оқы.Алғашқы сәтте түк білмейтін сияқты боласыз.Саспа,қорықпа! Қиын да күрделі жағдайда адамның белсенділігі оянады. Қорықсаң,білетініңнен баста!Негізі онша жақсыбілмейтін сұрақтан

бастау керек.Қиын сұраққа жауап іздеуде басқаларының жауабын білетін боласыз.

Екіншіден.Ең негізгінітүзетіңіз.Жазыңыз немесе жауап жоспарын құрыңыз.Білетін жауаптардың ізімен бұрынғы білімдеріңізді еске түсіресіз.Егер ереже мен формуланы еске түсіре алмасаңыз,қалдырып,соңынан белгілеңіз.Есте сақтаңыз! Ешқашан таза парақпен жауап бермеңіз.Дәлелдеу схемасын сызған немесе басқада жазуы бар парақ емтихан алушыға таңдау кезінде көмек болады.

Үшіншіден.Тек дәлелмен жауап бер.Ағын суға батып кетуге де малтып шығуға да болады.Белгілісі , айқындалған дәлелмен мен оның  нақты жауаптары,ұзақ ойланудан гөрі өте маңызды.Төртіншіден, Сарапшыны бақылаңыз! Сарапшыға қалай жауап беру керек екенін бақылап отырыңыз.Сарапшының сіз жауап беріп жатқанда қандай реакцияда отырғанын аңғару керек.Сізді қолдап тұрма,әлде,тітіркеніп отырма,бәріне назар аудару керек.Ол сіздің қалай жауап беріп жатқаныңызды сездіреді.Бесіншіден,Дайындықты аяқтап,нақты біліп тұрсаңыз,өзіңізге сенімді болсаңыз, онда көп ойланып ,басыңызды ауыртпаңыз.Жан-жағыңызға қараңыз,бақылаңыз. Сыныптастарыңыздың қалай жауап беретініне назар аударыңыз. Оларды тыңдай отырып, өзіңізге керек нәрсе алуыуыңыз әбден мүмкін.

-Емтиханды қалай сәтті өткіземіз?  Емтихан тапсырар алдында өзіңізге жағымды әсер қалыптастырыңыз. Емтиханда жоғары нәтижеге жету үшін дайындықты ерте кезден бастаған жөн. Емтиханды –жеңілмей жеңіске жететін ,өзің құрған ойын деп білсең болады.Көп қиындықты артқа қалдыра отырып,жеңу сезімін сезіну. «Ақырын,ойланып келе  жатқан адам, оны қағып-соғып  жүгіріп  өткен  адамнан  озып кетеді.»-деген Френс Бекон  түйсік қажеттілігінің мақсаты туралы өз еңбегінде . Емтихан бұл- сөзсіз ауыр сынақ.Жүйелі ақыл-ойды қажет ететін,сапалы білім алуға итеретін,өзіңді сенімді де білімді сезінетін, арманыңа жақындататын  білім нәтижесі! Ойланыңдар! Барлық  жақсы ,пайдалы әрекеттер сәтті емтихан тапсыруларыңа себеп болады. «Өмірден бәрін  аламын,ештеңені жоғалтпаймын!»-деген қағиданы есте ұстаңдар! Қиындықты жеңсеңдер,жоғары нәтижеге қол жеткізесіңдер.Ол әдемі сезімге жету үшін «Шығармашылық визуализация» техникасын іске қосыңдар. Ол сендердің ой-қиялдарың.Қиялдарыңды ізденуге пайдалансаңдар,ол сендерге болашаққа ұмтылатын күш пен үлкен сенім береді.Өздеріңе сенімді болып,алға ұмтылсаңдар,жарқын болашаұ құшағын жая қарсы алады. Әр кезде өздеріңе жағымды әсер сыйласаңдар,өздеріңе сенімді де белсенді боласыңдар!Арман,мақсаттарыңа жетесіңдер! Әрдайым тапсырған емтихандарың жеңілдене түседі. Өзіне сенімді адам бәрін жеңіп шығады! Сенім- табысқа жетудің құралы! Сенім-ой-санамызды демалдырады,толқу мен күдіктен арылтады.Егер сенімің күшті болса,өзіңе ғана емес, айналаңдағы  адамдарға  да  көмегің тиеді.Естеріңде болсын,емтихандағы әрбір жағымды да жағымсыз сәттің иесі-ол сенсің!

Педогог-психолог:  Шевелева Н.И.

 

 

 

Психолог маманның бірнеше кеңесі

1. Баланы ұйқыдан ақырын оятыңыз. Бала ұйқыдан тұрған сәтінде Сіздің күлкіңізді көріп, даусыңызды естуі тиіс
2. Асықпаңыз. Уақытты дұрыс есептей білу – Сіздің міндетіңіз. Егер бұл сізге қиынға соқса, баланың бұл жерде еш кінәсі жоқ.
3. Балаға «Байқа, құлап қалма!», «Бүгін нашар баға алушы болма!» деп ескерте отырып, қоштаспаңыз. Керісінше, оған сәттілік тілеп, жылы сөздер айтыңыз.
4. «Бүгін қандай баға алдың?» деген фразаны ұмытыңыз. Баланы мектептен қарсы алғанда оған сұрақтарды жаудыра бермеңіз. Өзіңізді жұмыс күні аяқталғаннан кейін не сезінетініңізді еске түсіріп, оған аздап бойын еркін ұстауына уақыт беріңіз.
5. Егер Сіз баланың қынжылғанын, үндемейтіндігін көрсеңіз – одан себебін қазбалап сұрастыра бермеңіз; алдымен тынышталып алғанын күтіңіз, кейін өзі барлығын айтып беретін болады.
6. Мұғалімнің ескертуін естіген соң, сөгіс беруге асықпаңыз. Сіздің мұғаліммен араңыздағы әңгіме кезінде баланың қатыспағанын қадағалаңыз.
7. Мектептен келген соң бірден сабақ орындауға кіріспеңіз. Бала алдымен 30 – 40 минут дем алуы қажет.
8. Барлық жаттығуларды бірден орындауға баланы мәжбүрлемеңіз: 15 – 20 минут сабақ оқыса, 10 минут – үзіліс.
9. Сабақты даярлау кезінде баланың «үстінен төніп» тұрмаңыз. Баланың өз бетінше жұмыс жасауына мүмкіндік беріңіз. Егер оған Сіздің көмегіңіз қажет болса – сабырлық сақтаңыз: байыпты үн, қолдау қажет.
10. Баламен сөйлесу кезінде «Егер сен бұны орындасаң, онда …» деген сияқты шарттар қоюдан аулақ болыңыз.
11. Бір күн ішінде тек баламен айналысу үшін оған ең кемінде жарты сағат арнаңыз.
12. Отбасыдағы барлық ересектердің баламен сөйлесудің бірыңғай тактикасын таңдаңыз. Барлық қарама-қайшылықтарды оның қатысуынсыз шешіңіз.
13. Баланың бастың ауруына, шаршағандыққа, нашар хал-жағдайына жасаған шағымдарына немқұрайлы қарамаңыз. Көбінде бұл қалжыраудың объективті көрсеткіштері болып табылады
14. «Үлкен балалардың» да ұйқы алдында ертегі, ән тыңдағанды, оларды жылы сипалағанды ұнататындығы есіңізде болсын. Баланың бір күн ішінде жинақталып қалған күшін бәсеңдетуге көмектесетін барлық әрекеттер жасаңыз.

Януш Корчак

Ата-аналарға арналған он қағида:

1. Балаңнан өзіне ұқсағанын немесе өзің ойлағандай болуын талап етпе. Оған өзің сияқты емес, өзінің тұлға ретінде өсуіне көмектес.
2. Балаға жасағандарыңның есесі қайтсын деп оны қарыздар қылма, ол үшін ақы сұрама. Сен оған өмір сыйладың, оны ол қалай ақтай алады? Ол өмірді екіншіге сыйлайды, ал басқа адам – өз кезегінде үшіншісіне береді, яғни бұл – алғыс айтудың қайтымсыз заңы.
3. Қартайған шағында ащы нанды жемес үшін өз өкпе-ренішіңді баладан алма. Өйткені не ексең, соны орасың.
4. Қиын жағдайға түскен балаңа түсіністікпен қара. Өмір әркімге өзінің күші көтеретіндей етіп беріледі, бала үшін бұл өмір саған қарағанда әлдеқайда қиын болуы мүмкін. Себебі оның тәжірибесі жоқ.
5. Баланы кемсітіп, қорлама!
6. Адамның ең маңызды кездесулері – оның балаларымен кездесулері екендігін ұмытпа. Балаларға көп көңіл бөл – біз баланың болашақта қандай болатындығын ешқашан біле алмаймыз
7. Балаң үшін қолыңнан келмей жатқан іске өзіңді қинама. Егер қолыңнан келсе ғана көмектесуге тырыс. Қолыңнан келіп тұрып көмектеспеген жағдай болса ғана ол – өкініш. Есіңде болсын, бала үшін толықтай жасай алмасаң ғана жеткіліксіз болып табылады.
8. Бала – сенің өміріңді жаулап алатын қайырымсыз жан емес. Тек жаныңды жаулап алушы немесе қаның ғана емес. Ол баға жетпес асыл қазына, оны тағдыр саған шығармашылық отын жақсын, сақтасын деп сыйлаған. Бұл – әкесі мен анасының «біздің» емес, «өзіміздің» баламызға деп берген еріксіз махаббаты.
9. Басқа баланы да жақсы көре біл. Өзіңнің балаңа тілемейтін нәрсені, басқа балаға да тілеме.
10. Өз балаң қандай болсын, дарынсыз, жолы болмайтын, ересек болса да оны жақсы көр. Балаңмен өткізген уақытыңа риза бол, өйткені бала деген – мереке, әзірше ол сенің жаныңда жүр.