«Өзін-өзі тану» гимназиясының мәртебесі жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған, ізгі-рухани кеңістігінде тәрбие алған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Гимназияда маңызды педагогикалық шарттар құрылған:
- сүйіспеншілікке, сенімге, шығармашылық шабытқа, өзіндік зерттеуге жағдай, әрқайсысы өзін-өзі тануға ахуал жасалған
- мектептің педагогикалық процессіне рухани- адамгершілік білім беруді ықпалдастыру
- рухани-адамгершілік білім беру үдерісінде тек ізгілікті әдістерді пайдалану
«Өзін-өзі тану» гимназияның барлық қызметі рухани-адамгершілік кеңістігін, қоғамға қызмет ету дағдыларын қалыптастыруға,сондай-ақ рухани-адамгершілік тәрбие берудің барлық принциптерін іске асыруға бағытталған:
- гуманистік бағыттағы
- жалпы адамзаттық құндылықтарды
- өзара әлеуметтік қатынас
- ұлттық мұра
- табиғаттылық