Адай Әлпен
Адай Әлпен «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжін 2016 жылы «Өзін-өзі тану» мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шығып, қазіргі кезде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ынтымақ ауылы, Ынтымақ орта мектебінде педагог-ұйымдастырушы және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс жасап жатыр.
Адай Рысбике
Адай Рысбике, 2014 жылы «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжін “Бастауыш білім беру” мамандығы бойынша бітіріп, қазіргі күні мамандығы бойынша Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ынтымақ ауылы, Ынтымақ орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқаруда. Сонымен бірге Қазақ мемлекеттік қыздар университетінің филология факультетін сырттай оқуда.
Ақынтаева Мөлдір Болатқызы
Ақынтаева Мөлдір Болатқызы, «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінің 2014 жылы бітірген түлегі. Колледжді бітірген соң өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі ретінде өзінің кәсіби қызметін Ақтөбе қаласының Хромтау ауданындағы №3 Хромтау орта мектебінде бастады.
Дунгешбай Аяла
Дүнгешбай Аяла, 2014 жылы «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжін үздік бітіріп, қазіргі күні мамандығы бойынша «Бөбек» орталығындағы оқу-сауықтыру кешенінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқаруда.
Әбутәлі Мағжан
«Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінің «Өзін-өзі тану мұғалімі» біліктілігі бойынша оқу орынын жақсы аяқтап, қазіргі таңда өз кәсіби мамандығымен Жамбыл облысы, Шу ауданы, Далақайнар ауылындағы Т.Әшімбаев атындағы орта мектепте «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.
Әшімова Жұлдыз Мәдиқызы
Әшімова Жұлдыз Мәдиқызы 2016 жылы «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжін «Өзін-өзі тану» мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітіріп шығып, қазіргі кезде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Еңбекшіарал ауылындағы орта мектепте жұмыс жасауда.
Оспан Олжас
Оспанов Олжас Тұрабайұлы 2013 жылы «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжін жақсы бітіріп, қазіргі күні мамандығы бойынша «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешенінде тәрбиеші қызметін атқаруда.
Советбаева Айдана Жандосқызы
Советбаева Айдана Жандосқызы «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша оқу орынын үздік дипломмен аяқтап, қазіргі күні «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінде хатшы-іс жүргізуші қызметін атқарады. Сонымен қатар І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің сырттай оқу бөлімінде оқуын жалғастырып отыр.
Тілеген Дәулет Тілегенұлы
2016 оқу жылында «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжін «Өзін-өзі тану мұғалімі» біліктілігі бойынша жақсы аяқтап, осы күндері өз мамандығы бойынша Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылындағы Т.Бокин атындағы №41 орта мектебінде «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі қызметін атқарып жатыр.
Юсупова Макпал
«Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша оқу орынын үздік дипломмен аяқтап, өз кәсіби мамандығы бойынша Алматы қаласындағы №174 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқаруда. Ол еңбек еткен 3 жылда талай жетістіктерге жетті.