«Ғылым ғана ақиқатты өзінің алғашқы қайнар көзі – шындықтан қалай алу керектігін үйретеді»
Клемент Аркадьевич Тимирязев
Осындай ұранмен 3 қазанда дарынды балалармен жұмыс орталығының жетекшісі Солодникова Ю.В. гимназиясының мұғалімдеріне арналған семинар өткізді. Семинар барысында ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобаларды дайындаудың тиімді әдістері қарастырылды. Жобалау жұмыстарының құрылымына, ережелеріне және талаптарына ерекше назар аударылды.
2008 жылдан бері гимназиясында мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми қауымдастығы нәтижелі жұмыс істеп келеді.Оқушылар мен мұғалімдердің интеллектуалды, рухани-адамгершілік әлеуетін дамыту және жалпы білім беретін гимназия кеңістігінде оқушылардың жеке дарындылық профилін және кәсіби маңызды бағыттарын ескере отырып тиімді жұмыс құрылымын қалыптастыру мақсатында 2014 жылдан бері дарынды балалармен жұмыс жүргізетін орталық құрылған.
Дарынды балалармен жұмыс Орталығының барлық қызметі гимназия мәртебесі мен рейтингін көтеруге бағытталған, сондай-ақ біздің оқушылардың ғылыми-зерттеу конференцияларына, конкурстар мен олимпиадаларға қатысуының арқасында гимназия қызметі адамгершілік-рухани білімді оқыту пәндеріне кіріктіру тәжірибесімен бөліседі, тәжірибе алмасады.
Бұл оқушылардың көпшілік алдына шығуына, портфолио үшін сертификаттар мен дипломдар алуға, сонымен қатар, Қазақстан және шет ел ЖОО-на түсуге мүмкіндік береді.
ДБЖ Орталығының қызметтік бағыты:
-
Олимпиадалық резервтің мектептегі жұмысы: мектеп оқушыларын мектепішілік пәндік олимпиадаларға, Республикалық, Халықаралық деңгейдегі (күндізгі) ) олимпиадаларға қатысуға дайындау.
-
Пәнінен оқушылардың Республикалық олимпиадасын өткізу және оған оқушыларды дайындау (сырттай-қашықтықтан өткізілетін).
-
Қайырымдылық ақцияларын, еріктілер қозғалысын, «Әлеуметтік жобалар» бағдарламасының жобасын әзірлеу және өткізу.
-
Республикалық және Халықаралық деңгейдегі конференцияларға, қашықтықтық, онлайн байқауларға қатысу.
-
Интеллектуалды марафондар, жарыстар, Республикалық және Халықаралық, мектеп деңгейіндегі ойындарды ұйымдастыру және өткізу.
-
Гимназиядағы мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысы: байқау ұйымдастырушыларымен ынтымақтастық орнату және оқушылардың зерттеу жұмыстарын дайындауын үйлестіру, гимназияның сараптама кеңесінің жұмысы, шағын ғылыми-практикалық конференциялар өткізу.
-
БАҚ ынтымақтастық жүргізу («Бөбек» ҰҒПББСО порталы мен сайттары, «Бірегей Қазақстан» РФ БҒМ, Ресей мен Қазақстанның ЖОО), сондай-ақ, гимназияның дарынды балалары, МОҒҚ жұмысы, гимназия мұғалімдері мен оқушыларының жұмыстарының жариялануын жарыққа шығару мақсатында Қазақстанның және Ресейдің жастар және педагогикалық қауымдастықтарымен ынтымақтастық орнату
ДБЖ орталығының міндеті:
1. Ғылыми-әдістемелік базаны кеңейту: пәндер бойынша тест тапсырмаларының архивін, мектеп олимпиадасын өткізуге тапсырма үлгілерін, конкурстарды, оқушылардың зерттеу жұмыстарының бланкілерін (үлгі ретінде).
2. Дарынды балалармен және олардың ата-аналарымен түрлі бағыттарда шаралар ұйымдастыру және дарынды балалардың оқу және болашақ кәсіби қызметтерінде әлеуетін дамыту.
3. Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде педагогтарды негізгі, қазіргі заманғы әдіс-тәсілдер мен формалармен таныстыру мақсатындағы әдістемелік жұмыс: оқыту семинарлары, шеберлік-сыныптар, кеңестер, мектеп конференцияларын өткізу.
4. Бала дарыны мәселесі бойынша мектепті ақпараттық, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан мінсіз қамтамасыз ету.
5. Орталық жұмысының барлық бағытының Мониторингі және талдауы.