Балабақшаға балаларды қабылдау

РМҚК «Бөбек» ҰҒПББСО балабақшасына қабылдау туралы

ЕРЕЖЕ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Ереже мектепке дейінгі жастағы балаларды «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК балабақшасына (бұдан әрі – Балабақша) бос орындарға қабылдау (өтініштер мен құжаттарды қабылдау) тәртібін айқындайды.

1.2. Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына; мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына 1-қосымша) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы 2020 жылғы 19 маусымдағы бұйрығына, РМҚК «Бөбек» ҰҒПББСО Жарғысына сәйкес әзірленді.

1.3. Заңнамамен реттелмеген бөлікте қабылдау қағидаларын РМҚК «Бөбек» ҰҒПББСО дербес айқындайды.

1.4. Ереже балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қабылдауды реттейді.

  1. ҚАБЫЛДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

2.1. Балабақшадағы тәрбиеленушілердің саны шартқа және санитариялық қағидаларды ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламаның техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес қаржыландыру көлемімен айқындалады.

2.2. Қабылдау балабақшаның мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын топтарына жүзеге асырылады.

2.3. Балабақшаға қабылдау балаларды қабылдаудың тең шарттары қағидаттарында жүргізіледі.

2.4. Балабақшаға қабылдау бос орындар болған жағдайда жүзеге асырылады.

2.5. Балабақша мен баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері арасындағы қарым-қатынас баланы балабақшаға қабылдау кезінде жасалатын екі тілде (екі дана, тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден) шартпен реттеледі.

  1. БАЛАБАҚШАҒА ҚАБЫЛДАУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ

3.1. Құжаттарды қабылдау және балаларды Балабақшаға қабылдау жыл бойы бос орындар болған жағдайда жүргізіледі.

3.2. Балабақшада бос орындар болған жағдайда РМҚК «Бөбек» ҰҒПББСО-ның www.bobek.kz ресми сайтында бекітілген форма бойынша өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру орналастырылады.

3.3. Баланың ата-анасы немесе заңды өкілі электрондық форматта сайтқа форма бойынша өтініш пен қажетті құжаттарды жібереді, кезек нөмірі көрсетілген хабарлама алады.

3.4. Қабылдау комиссиясы ұсынылған құжаттарды тексереді және Балабақшаға бос орынға түсу үшін үміткер балалардың тізімін жасайды. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда ата-аналардың өтініштерін қабылдаудан бас тартады. Комиссия бала 6 (алты) жасқа толған кезде (ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне әлі толық 6 жасқа толмаған балалардан басқа) өтінішті алып тастайды.

3.5. Тізімдер балалардың туған жылы ескеріле отырып, жас талаптарына сәйкес, өтініш беру күні мен уақыты бойынша қалыптастырылады.

  1. БАЛАБАҚШАҒА ҚАБЫЛДАУ /ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ

4.1 Балабақшаға босаған орындар саны бойынша алғашқы өтініш берушілердің балалары қабылданады. Қабылдау «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК бас директорының бұйрығымен рәсімделеді.

4.2. Баланың ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен шарт мына жағдайларда бұзылуы мүмкін:

  • тараптардың келісімі бойынша;
  • ата-аналардың (заңды өкілдердің) өтініші бойынша;
  • алты жасқа толғанда.

4.3. Шартты бұзу немесе тәрбиеленушіні шығару себебін жазбаша түрде көрсете отырып, Балабақша басшысының ұсынысы бойынша «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК бас директорының бұйрығымен ресімделеді. 

  1. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

5.1. «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК директорының бұйрығына сәйкес балабақшаға қабылданған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасасады.

5.2. Баланың ата-анасы немесе заңды өкілі белгіленген мерзімде шарт жасасуға келмеген жағдайда, шарт жасасу үшін талап етілетін құжаттар ұсынылмаған жағдайда, мерзімі өткен құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудан жазбаша бас тартқан жағдайда «Бөбек» орталығы баланы шығару туралы бұйрық шығарады.