«Тәрбиелі ұрпақ – ұлт болашағы»

18.11.2025

2025 жылғы 18 қараша күні сағат 14:00-де “Бөбек” ҰҒПББСО оқу-сауықтыру кешенінің тәрбиешісі Байбөринова Нұрбақыт Жанысбайқызы «Тәрбиелі ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында тікелей эфирде сөз сөйледі. Өз сөзінде атап өтті:
Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі. Басты ұстаным балалардың ең алдымен өз халқын, өз Отанын сүюден басталуын бойларына сіңіру. Осы орайда «Бөбек» орталығы өзінің есігін тәрбие әлеміне айқара ашып, балаларды бір-бірімен бауырластырып, елінің, жерінің тарихи тамырларын, аңыздарымен, мақал-мәтелдерін, ұлттық салт-дәстүрлерін білуге шақырады. Оқу-сауықтыру кешенінде ұйымдастырылыған түрлі іс-шаралар балаларды ұйымшылдыққа, топтық – ұжымдық жұмысқа баулиды.
Толығырақ сілтеме арқылы көруге болады:
https://www.facebook.com/share/v/1ATEpqVFWN/