Тәжірибені жалпылау және тарату шеңберінде мұғалімнің пәндік құзыреттілігін дамыту

21.11.2025

2025 жылғы 21 қарашада сағат 14.00-де «Бөбек» гимназиясында «Тәжірибені жалпылау және тарату шеңберінде мұғалімнің пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында педагогтердің тәжірибесін тарату және жалпылау бойынша ZOOM платформасында республикалық онлайн-вебинар өтті. Вебинардың модераторы «Бөбек» гимназиясы директорының ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Л. Т. Джалмухамбетова.
Қатысушылар: «Бөбек» гимназиясы орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімдері Сыдыкова Ж.А. «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында сөйлеу белсенділігін дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру», ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылыған музыка орта мектеп-интернаты» РММ, халық аспаптар бөлімінің педагогтері Адилова Г. К. «Сым қобыз көне аспабының акдемиялық музыка біліміне дейінгі жолы» және Адилова А.Б. «Қобызшылар ансамблі арқылы оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары», БҚО, Орал қ. №39 ЖОББМ тарих пәні мұғалімі Кульмагамбетова А.А. «Тарих беттеріндегі ұлы тұлғалар», Алматы обл., Қонаев қаласы, «Қадырғали Жалайыр атындағы №6 орта мектебі» МКМ қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Игисенова Б.Р. «М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясын оқыту арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту», Алматы обл., онаев қаласы, «Орта мектеп гимназиясы» КММ тарих пәні мұғалімі Каракойшинова А.Ө. «Биология пәнін оқытуда PISA тапсырмаларын қолдану», Алматы қ., «№5 мектеп гимназиясы» КММ ағылшын тілі мұғалімі Самади М.М. «English Through Folklore» тақырыптарымен авторлық бағдарламалары бойынша инновациялық тәжірибені жалпылау және тарату мақсатында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Толығырақ мына сілтеме арқылы көруге болады: https://www.facebook.com/share/v/17Tgojj9HK/