Тәжірибені жалпылау және тарату шеңберінде мұғалімнің пәндік құзыреттілігін дамыту
14.11.2025
Тәжірибені жалпылау және тарату шеңберінде мұғалімнің пәндік құзыреттілігін дамыту
2025 жылғы 14 қарашада сағат 14.00-де «Бөбек» гимназиясында «Тәжірибені жалпылау және тарату шеңберінде мұғалімнің пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында педагогтердің тәжірибесін тарату және жалпылау бойынша ZOOM платформасында республикалық онлайн-вебинар өтті. Вебинардың модераторы «Бөбек» гимназиясы директорының ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Л. Т. Джалмухамбетова.
Қатысушылар: «Бөбек» гимназиясы қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері Орынбаева Г. О. «Тілдік қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар» және Джилысбаева Ж. Б. «Сөз мағынасы мен қолдану мәдениеті» тақырыбындағы авторлық жұмыстары, «К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылыған музыка орта мектеп-интернаты» РММ музыка мғалімі Шайкемелова Э. К. «Міндетті фортепиано» бөлімінде хоровик дирижерлері мен теоретиктеріне арналған полифониялық циклды оқыту кезеңдері», Алматы қ. «К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылыған музыка орта мектеп-интернаты» РММ, музыка мұғалімі Оспанкулова Д. А. «Күй арқылы ұлттық сана мен болмысты жаңғырту», Алматы облысы, Қонаев қаласы, «Орта мектеп гимназиясы» КММ, тарих пәні мұғалімі Нурбаев Н. Т. «Тарихи детективтер», Алматы облысы, Қонаев қаласы, «Орта мектеп гимназиясы» КММ, бастауыш сынып мұғалімі Ақылаева У. Ч. «Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыптарымен авторлық бағдарламалары бойынша инновациялық тәжірибені жалпылау және тарату мақсатында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Толығырақ мына сілтеме арқылы көруге болады: https://www.facebook.com/share/v/1A9foj8C7X/




