Тәжірибені жалпылау және тарату шеңберінде мұғалімнің пәндік құзыреттілігін дамыту
12.11.2025
Республикалық онлайн-вебинар
2025 жылғы 13 қарашада сағат 14.00-де «Бөбек» гимназиясында «Тәжірибені жалпылау және тарату шеңберінде мұғалімнің пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша педагогтің тәжірибесін тарату және жалпылау туралыреспубликалық онлайн-вебинар өтеді.
Қатысушылар: «ҚР ОА министрлігің «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК, «Республикалық физика-математика мектебі», Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі ММ, «№20 орта мектеп» МКМ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылыған музыка орта мектеп-интернаты» РММ, Астана, Алматы қалалары, Алматы облысының білім беру мекемелерінің педагогтері.
Іс-шара «Бөбек» орталығы әлеуметтік парақшасында Facebook желісінде көрсетіледі.




