Тәжірибені жалпылау және тарату шеңберінде мұғалімнің пәндік құзыреттілігін дамыту

18.04.2025

2025 жылғы 17 сәуірде сағат 14.00-де «Бөбек» гимназиясында «Тәжірибені жалпылау және тарату шеңберінде мұғалімнің пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында педагогтердің тәжірибесін тарату және жалпылау бойынша Zoom платформасында онлайн-вебинар өтті.
Вебинардың модераторы «Бөбек» гимназиясы директорының ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Л. Т. Джалмухамбетова.
Қатысушылар: «Бөбек» гимназиясы тарих пәнінің мұғалімі Р. Е. Аденова «Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында, орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Г.П.Касенованың «Әдеби клуб» бағдарламасы – балалардың шығармашылығын дамыту және оқуға қызығушылықты арттыру үшін белсенді орта» тақырыбында және бастауыш сынып мұғалімі Т.Д.Рыбникова «Біз математикалық сауаттылықты дамытамыз» тақырыбында элективті курстың авторлық бағдарламалары бойынша инновациялық тәжірибені жалпылау және тарату мақсатында өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, онлайн-вебинарға Ақмола, Түркістан, Қарағанды, Алматы облыстарының педагогтері қатысты.
Толығырақ мына сілтеме арқылы көруге болады: https://www.facebook.com/share/v/1645Jv6u1o/