Республикалық семинар: «Ұлттық тәрбие-ел болашағы»

17.03.2025

2025 жылдың 18 наурызында «Бөбек» ҰҒПББСО-да «Бөбек» бөбекжай – балабақшасының ұйымдастыруымен «Ұлттық тәрбие-ел болашағы» тақырыбында Республикалық онлайн-семинар өтеді.
Семинардың мақсаты: рухани-адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді, парасаттылық пен адалдықты дамыту арқылы қазақ мәдениетінің құндылықтары негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды үйлесімді дамыған тұлға ретінде қалыптастыру.
Семинар қонақтары: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институтының» өкілдері, Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының өкілдері, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты және «Бөбек» ҰҒПББСО қызметкерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтары.
Іс-шара ZOOM платформасында өтеді және «Бөбек» орталығының Facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.