«Бастауыш мектепте орыс тілі сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру тәсілдері»

23.07.2024

2024 жылғы 23 шілдесінде сағат 14.00-де «Бөбек» оқу-сауықтыру кешенінің оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптардың орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Садуллақызы Мейрамгуль «Бастауыш мектепте орыс тілі сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру тәсілдері» тақырыбында тікелей эфирде сөз сөйледі.
Өз сөзінде мына төмендегілерді атап өтті:
Мәтінді оқу және түсіну дағдылары балалардың табысты оқуы және олардың өмірде өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажетті дағды болып табылатынын атап өтті. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту мен оларға әр түрлі мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларын сіңіре отырып, біз балалардың таным көкжиектерін кеңейтуге, логикалық ойлау мен сөйлеу мәнерлілігін дамытуға көмектесеміз. Бұл дағдылар әр баланың одан әрі білім алуына және жеке дамуына негіз болады.
Толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады:
https://www.facebook.com/100024148568393/videos/2492618317613834/