«Тәрбие. Шығармашылық. Инновация» атты Халықаралық семинар

23.05.2024

2024 жылдың 23 мамыр күні сағат 14.00-де «Бөбек» ҰҒПББСО гимназиясында «Тәрбие. Шығармашылық. Инновация» тақырыбында Халықаралық онлайн-семинар өтті. Семинарға ҚР ОАМ өкілдері, «Бөбек» ҰҒПББСО қызметкерлері, шетелдік cepiктестер, орта білім беру ұйымдарының және колледждің педагогтері қатысты.
Семинардың мақсаты: озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау, тарату және енгізу, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің үздік тәжірибелерімен және білім беру ұйымдарындағы ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысымен танысу
Семинарға қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбиелеу мен шығармашылықтың инновациялық тәсілдері туралы пікірлерін ортаға салды.
Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.facebook.com/100024148568393/videos/444849411501002/