“28 гвардиялық – панфиловшылар атындағы саябақ”
15.01.2024
“28 гвардиялық – панфиловшылар атындағы саябақ”
Танымдық, көңілді саяхаттар балалар үшін өте пайдалы әрі өте қызықты. Саяхат барысында балалар жаңа мағұлматтармен танысады, серуендейді және жаңа ой алмасуға мүмкіндік болады. Сол себепті Оқу – сауықтыру кешені ауысым барысында Алматы қаласы бойынша бірнеше саяхат ұйымдастырды.
Сол саяхаттың бірі 28 гвардиялық – панфиловшылар атындағы саябағы. Саябақ Ұлы Отан соғыс жауынгерлер құрметіне салынған. Саябақта балалар Мәңгілік алауға бір минут үнсіздік жариялап, Қазақ батырларының тарихы жайлы білді.
Және балалар саябақтың ішіндегі Ы. Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайына да кіріп шықты. Мұражайда балалар қазақ және өзге ұлттардың музыкалық аспаптарымен танысты. Саяхат балаларға ұнап, жақсы әсер қалдырды.