ПРЕСС-РЕЛИЗ
22.11.2023
2023 жылғы 28 қарашада сағат 14.00-ден 16.30-ға дейін ZOOM платформасында «Ойын арқылы үйретеміз. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған іс-әрекетінің құралы ретінде» тақырыбында Халықаралық семинар өткізіледі.
Семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, өңірлік Білім басқармаларының мамандары, «Бөбек» ҰҒПББСО және «Өрлеу» КЕ АҚ қызметкерлері, шетелдік серіктестер, ғалымдар, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтары қатысады.
Семинардың жетекші идеясы: «Ойын – бұл үлкен әрі нәзік дүние, сол арқылы баланың рухани өміріне әр беретін және қоршаған әлем туралы ұғымдары. Ойын-бұл қызығушылық пен ізденімпаздықты лаулататын ұшқын» (В. А. Сухомлинский).
Семинар барысында талқыланатын маңызды сұрақтар:
- Балалармен ойнау неліктен маңызды?
- Баланың психикалық дамуы үшін ойынның маңызы қандай?
- Ойын баланың жеке тұлғалық дамуына қалай әсер етеді?
- Жаңа буынды дамыту ойындары дегеніміз не?
- Әр түрлі жастағы балаларда ойынның даму ерекшелігі неде?
Анықтама телефондары: +7 701 716 42 06 – Құралай Жеңісқызы,
+7 702 572 24 41 – Ғалия Кабденовна