28 Гвардияшы – Панфиловшылар» саябағына саяхат

17.07.2023

«Бөбек» орталығындағы қызықты, әрі танымдық саяхаттар таусылар емес! Балаларды Отан – Ананы сүюге, тарихты ұмыттырмай, патриоттық тәрбие беру мақсатында «28 Гвардияшы – Панфиловшылар» саябағына саяхат жасадық.
Сауықтыруға келген балалар 28 Гвардияшы – Панфиловшыларға арналған ескерткіш жанында тұрып, батыр жауынгерлердің рухына тағзым етіп, естелік суреттерге түсті. Отан үшін отқа түскен батыр бабаларымыздың ерлігімен танысты.