“Бөбек мейірімділік пен сүйіспеншілік мекені”
07.11.2022
“Бөбек” оқу-сауықтыру кешенінде “Бөбек мейірімділік пен сүйіспеншілік мекені” деп аталатын 11-ауысымында “Өзін-өзі басқару” жобасын іске асыру барысында сайлау өткізілді. Сайлау барысында Дүйсебай Мұхамедәлі ауысым президенті, Баймұханбет Дәмелі – спорт министрі, Серікбаев Алихан – мәдениет министрі, Уалихан Жайна – денсаулық министрі, Нартаев Ахмет – қауіпсіздік министрі болып сайланды. Аталған жоба балалардың ұйымдастырушылық және шығармашылық қабілеттерін арттыруға мол мүмкіндік беріп отыр.