Халық музыкалық аспаптар мұражайына саяхат

19.10.2022

Алматы қаласында Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайы бар. Сауықтыру ауысымына келген балалар қазақтың көне дәуірдегі, ұлттық музыкалық аспаптарымен танысып, мұражайдың көрме залын аралап көрді. Алуан түрлі көне аспаптар мен жәдігерге бай мұражайда сақталған экспонаттар туралы мағлұмат алып, музыкалық аспаптардың ойнау дыбыстарын тамашалады.