Спортты серік етейік!
02.10.2022
“Бөбек” орталығыныңоқу-сауықтыру кешеніне келген балалардың әр күні «Қимыл белсенділігін арттырайық» ұранымен басталады. Балалар ертеңгілік қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасап,кесте бойынша емдік дене шынықтыру өтеді. Сонымен қатар, кешен ауласындағы ойын алаңында ойындар ойнап, тәрбиешілермен бірге таза ауада серуендейді. “Спорт- досың, серігің, жаттықсаң шымыр боларсың, шынығып, өсіп, толарсың” – демекші, салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!