«Жылы сөз – жылы тілек».
09.09.2022
Жақсы сөз, жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді, көңіліне қуаныш сыйлайды. Жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады. Жақсы сөздерді бір – біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады. «Бөбек» орталығының оқу – сауықтыру кешенінде сауықтыруға келген балалар арасында «Жылы сөз – жылы тілек» атты жүректен жүрекке шеңбері өткізілді. Мұндай іс – шараларда балалар жүректен шыққан жылы сөздің адам бойындағы жақсы қасиеттер екенін ұғына түсті.