Тәжірибені жалпылау және тарату шеңберінде мұғалімнің пәндік құзыреттілігін дамыту
25.12.2025
Республикалық онлайн-вебинар
2025 жылғы 25 желтоқсанда сағат 14.00-де «Бөбек» гимназиясында «Тәжірибені жалпылау және тарату шеңберінде мұғалімнің пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша педагогтердің тәжірибесін тарату және жалпылау туралы республикалық онлайн-вебинар өтеді.
Қатысушылар: ҚР ОА министрлігің «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК, «Бөбек» гимназиясы; Алматы облысы, Балқаш ауданы, «№1 Жамбыл атындағы орта мектеп» МКМ; «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ; Астана, Алматы қалалары, Алматы облысының білім беру мекемелерінің педагогтері.
Іс-шара «Бөбек» орталығы әлеуметтік парақшасында Facebook желісінде көрсетіледі.




