Республикалық байқау

03.04.2025

Орталықтың «Бөбек» колледжі ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің қолдауымен 2025 жылдың 01 сәуір- 30 сәуір аралығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары білім алушылары арасында Қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл және Ұлы Отан соғысы жеңісінің 80 жылдығына орай Республикалық байқау ұйымдастырады. Байқау тарих пәнінен білім алушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіру, өз бетімен жұмыс жасау, зерттеу қабілеттерін дамыту және дарынды білім алушыларды қолдау мақсатында өткізіледі. Қызықты шығармашылық жұмыстар мен жобалардың авторлары атаулы күндеріне орай бейнежазба жасау бойынша бақ сынамақ.

Конкурс-ережесі