Республикалық әдістемелік онлайн-семинар

19.03.2025

2025 жылдың 18 наурызында «Бөбек» ҰҒПББСО «Бөбек» бөбекжай – балабақшасының ұйымдастыруымен «Ұлттық тәрбие-ел болашағы» тақырыбында Республикалық онлайн-семинар өтті.
Құттықтау сөздерімен: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Адамова Манар Елекеновна, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институтының» директоры Ерманова Мария Наятовна, «Бөбек» ҰҒПББСО Бас директорының м.а. Касенова Гүлнар Пазылжаноанв сөз сөйледі.
Семинар жұмысына «Өркен» БӘАҰҒП ғылыми – әдістемелік бөлімінің қызметкерлері, өңірлік білім басқармаларының мамандары, Алматы қаласы білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының өкілдері, «Бөбек» ҰҒПББСО қызметкерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтары қатысты.
Семинар барысында маңызды тақырыптар мен мәселелер талқыланды. Республикалық семинарға қатысқан спикерлер тақырып бойынша мәселелерді жан-жақты баяндап, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары мен тәрбиешілеріне өте құнды ақпарат берді. Біз семинар тәрбиешілердің қоржынына қосылған қазына деп санаймыз! Семинардың видеосына қол жеткізу үшін сілтеме «Бөбек» Орталығының ресми беттерінде және әлеуметтік сайтында орналастырылған.

Семинарды көруге арналған сілтеме.
https://www.facebook.com/share/v/16AUqkdq3n/