Оқуға құштар мектеп
03.04.2023
Көркем әдеби шығармаларды оқу – балалардың ойлау қабілеті мен сөз саптау қасиеттерін арттырып, қиял мен қызуғушылықтарын дамытады. “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Бөбек” оқу-сауықтыру кешенінде демалып жатқан балалармен көркем әдеби шығармаларды оқу барысы болды. Балалар кітапханадан көптеген қазақ жазушылары мен қоса шет ел жазушыларының да шығармаларымен танысты. Балалар жазушылардың кітаптарын оқи отырып, шығарламардан алған әсерлерімен бөлісті.