Жоспар бойынша “Бөбек” ҰҒПББСО оқу-сауықтыру кешенінде орта медициналық және техникалық қызметкерлермен «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы № 78 бұйрықты талқылау мақсатында семинар өткізілді. Аға медбике И. К. Төлегенова осы бұйрықтың негізгі тарауларын атап өтті: өндірістік бақылау, медициналық қамтамасыз ету, физиотерапияға арналған үй-жайларды күтіп ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу, балалардың сауықтыру және санаторий объектілерінде тұру және тамақтану жағдайларына қойылатын талаптар туралы атап өтті.