Менің жасыл әлемім. Медеуге саяхат
06.12.2022
Қазақстан аймақтарынан келген балалар үшін «Өзін – өзі тану» оқу-сауықтыру кешенінде «Медеу» биік таулы мұз айдынын тамашалауға саяхат ұйымдастырылды. Туған жердің сұлулығы, елдің мәдениеті мен тарихынан мәлімет алды. Балаларға саяхат өте ұнады. Іле Алатауы тауларының керемет әсемдігі, әлемге әйгілі “Медеу” мұз айдыны, жылы ауа райы балалардың көңілді қуанышты көңіл-күйіне, ұмытылмас жарқын әсерлер алуға және денсаулықтарын нығайтуға ықпал етті.