Қозғалыс-қимыл – денсаулық кепілі!
21.10.2022
Қозғалыс – денсаулық кепілі! Оқу – сауықтыру кешенінде сауықтыру ауысымында балалардың денсаулығын нығайту мақсатында әр-түрлі түрлі іс – шаралар өтеді: арнайы баспалдақпен өрлеу, серуендеу, саябақтарға саяхатқа шығу, таза ауада және спорт залында дене шынықтыру жаттығулары мен эстафеталық ойындар. Дене шынықтыру сабақтарында қимыл-қозғалыс ойындары балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, бұлшықеттердің дамып, жүрек және қан тамырларының жұмыс істеу қабілетін арттырады. Мұндай іс – шара балалардың физикалық және эмоционалдық денсаулығын нығайтуға көмектеседі.