Кітап-білім бұлағы

29.09.2022

Кітап –жас оқырманның тіл байлығын дамытатын құрал. Кітап оқу адамның ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді, сыни ойлауды дамытады, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлық үлгілерін бойына сіңіруге көмектеседі. Оқу-сауықтыру кешенінде балалар «Менің сүйікті кейіпкерім» мәнерлеп  оқу сабағында әртүрлі жанрдағы кітаптарды оқиды. Кітап оқу балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын оятып,рухани денсаулықтың үйлесімді дамуына ықпал етеді.