Қош келдің, «Бөбекке»!

28.06.2021

Жазғы кезең – денсаулықты сауықтыру және нығайту үшін қолайлы уақыт. «Бөбек» орталығына «Әрбір адамның бойындағы нұр…» атты сауықтыру ауысымына келген балалар денсаулықтарын нығайтып, жаңа достар табады.
Уақытын белсенді өткізіп, көптеген пайдалы және қызықты тәрбиелік іс-шараларға қатысады. Сауықтыру бағдарламасы балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, интеграциялау, жалпы-адамзаттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында жасалған.