ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ОЛИМПИАДА
10.01.2019
2018 жылдың 6-14 қазан аралығында Коломбо қаласында, Шри-Ланка, мектеп оқушыларына арналған Халықаралық Астрономиялық олимпиада өтті. Халықаралық Астрономиялық Олимпиада Ұйымдастыру комитетінің шақыруымен Қазақстан құрамасы осы шараға қатысты.
Біздің команда құрамы: Бейсен Нурзада – қазылар алқасының мүшесі-аудармашы, жаттықтырушы, «Бөбек» Обсерваториясының директоры; Ершина Айнакул – ҚазМемҚУ-нің физика және математика факультетінің профессоры; Амангелді Ислам – РФММ 10-сынып оқушысы; Драгунов Даниил – «Өзін-өзі тану» гимназиясының 8-сынып оқушысы; Асқарұлы Мағауя – «Өзін-өзі тану» гимназиясының 8-сынып оқушысы; Русланұлы Ануар – РФММ 10-сынып оқушысы; Фартыгин Артем –ЛОРД лицейінің 10-сынып оқушысы, Петропавл қ.;
Коломбоға әлемнің 18 елінен 94 қатысушы келді. Оқушылар Олимпиаданың үш қиын кезеңін өткізді.
“ҚАЗАҚСТАН-БӨБЕК” командасының жетістіктері: Қола медальді Алматы қаласының РФФМ 10-сынып оқушысы Амангелді Ислам алды. Біз ата-аналарға, мұғалімдерге, біздің командаға қолдау көрсетіп, сенгендерге алғысымызды білдіреміз!