«БІЗ – XXI ҒАСЫР ЗИЯТКЕРЛЕРІ»

09.01.2019

2018 жылдың 14-18 мамыр аралығында Қырғыз Республикасының білім және ғылым министрлігі, Қырғыз Республикасының зияткерлік меншік және инновациялар Мемлекеттік қызметі және «Алтын туйун» Республикалық балалар инженерлік-техникалық академиясы Ош қаласында «Біз – XXI ғасыр зияткерлері» халықаралық ғылыми-зерттеу және өнертапқыштық жобалар конкурсын өткізді.

Конкурсқа қатысу үшін Қырғыз Республикасының барлық аймақтарынан оқушылар ғана емес, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері де қатысты: И.Раззақов атындағы ҚМТУ, Б. Ельцин атындағы КРСУ, Н.Исанов атындағы КМҚТАУ, К.Тыныстанов атындағы Ыстықкөл мемлекеттік университеті, ОшТУ, ОшМУ, Жалал-Абад мемлекеттік университетінің өкілдері, сонымен қатар, Өзбекстанның жас өнертапқыштары қатысты. «Алтын туйун» РБИТА-ның шақыруымен Қазақстандық команда осы жастар байқауына қатысты.

Байқауда 180-нен астам ғылыми-зерттеу және өнертапқыштық жобалар, экспонаттар мен қолданыстағы модельдер жарияланды.

Конкурсқа қатысушыларды жұмысын көрнекті ғалымдар, өнертапқыштар, академиктер және Қырғызстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының оқытушыларынан құралған құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Қатысушылар негізгі дайындықтары мен жақсы білімдерін көрсетті.

Біздің балалар «Интегралданған көп профильдік жобалар» номинациясына қатысты: Русланұлы Әнуар және Қаспакова Айым II дәрежелі диплом алды (жұмыс тақырыбы: «Жердің ғарыштық климатын зерттеу», Алматы қ.); жаңашылдығы мен қойылған мәселені шешудің қызықты жолы үшін Лесбек Баймырза мен Убайдуллаев Әлішерге грамоталар берілді (жұмыс тақырыбы: «Астероидтық қауіп-қатермен күрес әдістерін зерттеу», Алматы қ., РФММ, Ақтөбе қаласының № 17 орта мектебі).

Біз ұмытылмас әсерлер мен эмоциялар үшін «Біз – XXI ғасыр зияткерлері» атты халықаралық байқауын ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!