Көктемнің Мейірім мен Сүйіспеншілік мерекесі

06.03.2018

2018жылы наурыздың 5 жұлдызында «Бөбек»ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясында «Мейірімділікке, қуанышқа және сүйіспеншілікке толы  Көктем мерекесі» атты Халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті.

Бейбітшілік, Тыныштық пен Сүйіспеншілікке толы болған мерекелік Шаттық шеңбері  салтаннатты жағдай қалыптастырды.3 «Б» және 10 «Б»  сыныптарының барлық билері мен музыкалық қойылымдары  «Өзін-өзі тану» гимназиясының педагогтарымен бірге ұйымдастырылды және жоғары деңгейде орындалды.Барлық  шын жүректен айтылған құттықтаулар ашықтық, бауырмалдылық, әлемдегі барлық жақсылықтарға сену сияқты ең жақсы қасиеттерін ашты.

Мерекелік Шаттық шеңберімен басталған апта сынып ішіндегі тәрбие сағаты мен мерекелік ертеңгіліктерге ұласты. «Анашым, қолыңнан сүйдім» тақырыбындағы тәрбие сағатында оқушылар аналарына деген Сүйіспеншіліктерін жүрекжарды тілектерімен білдірді. Аналарына арналған өз қолдарымен ашық хаттар дайындап, құттықтаулар жазды.

         Аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын. Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!

Көктемнің мерекесімен!