БIЛIМ БЕРУДЕГI ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

30.05.2017

БIЛIМ БЕРУДЕГI

ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

 

          Оқушылар сарайында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, бiлiм беру және сауықтыру орталығының 20 жылдығына орай Алматы қаласы әкiмдiгi мен «Жандану әлемi» қорының қолдауымен «Бiлiм берудегi жалпы адамзаттық құндылықтар» деп аталатын халықаралық семинар өттi.

Үш күнге созылған семинар жұмысына қазақстанның барлық аймағынан, сонымен қатар, Тайланд, Ресей, Әзiрбайжан, Қырғыз мемлекеттерiнен арнайы келген қонақтар қатысты. Семинарды қала әкiмiнiң орынбасары Арман Қырықбаев ашып, елiмiз Тәуелсiздiкке қол жеткiзгеннен кейiнгi жылдарда ашылып, адами қасиеттер, жалпы адамзаттық құндылықтарды бағалай бiлетiн осынау

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, Бiлiм беру және сауықтыру орталығының атқарып отырған маңыздылығы туралы айта келе, қаламызға келген басты қонақпен таныстырды.

– Арт Онг Джумсаи мырзаның есiмi бүгiнде әлемге кеңiнен танылған. Бiлiм саласында биiк жетiстiкке жетiп, ғылым мен технология саласындағы жобаларға белсене қатысқан. Осы жетiстiктерi үшiн еңбегi бағаланып, марапаттарға ие болды. Алайда, осы жетiстiктер оның өмiрiнiң мәнi бола алмады. Сондықтан, бiлiм саласына көңiл аударып, 1983 жылы жалпыадамзаттық құндылықтарға негiзделген мектеп ашқан едi. Бүгiнде сол мектепке басшылық етiп отыр.

Бастапқы кездегi баланың саны 14 болса, қазiр 350-ге жеткен, – дедi.

Адамның үйлесiмдi дамуы гуманитарлық колледж студенттерi мен «/Өзiн-өзi тану» гимназиясының оқушылары семинар қонақ- тарына өз өнерлерiн тарту еттi. Семинардың негiзгi бөлiмiнде Арт Онг Джумсаи өзi басшылық етiп отырған мектептiң тыныс- тiршiлiгiн, озық тәжiрибесiн ортаға салып, бiлiм беру үдерiсiндегi интеграциялаудың жолдары туралы ойларын ортаға салды.

Рая ЕСКЕНДIР

Материал “Алматы ақшамы” газетінде жарияланған, № 43, 2017 ж. 13 сәуір.