Астрономиялық және астрофизикалық олимпиадалар мен жаратылыстану-ғылыми бағытындағы олимпиадаға дайындайтын кәсіптік мектепті өткізу

27.02.2017

2016 жылдың 12 – 26 маусым аралығында ҰҒПББСО «Бөбек» Обсерватория базасында Астрономиялық және астрофизикалық олимпиадалар мен жаратылыстану-ғылымы бағытындағы олимпиадаға дайындайтын кәсіптік мектепті өткізді.

Кәсіптік мектепте оқу үшін 2016 жылғы сәуір айында өткен Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика  мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысының жүлдегерлерін, сонымен қатар кәсіптік мектеп жұмыстарына қатысқан топтың жетекшілері – біліктілігін жетілдіріп жүрген астрономия  және физика мұғалімдері (барлығы 30 адам).

Кәсіптік мектептің басты мақсаты Халықаралық астрономиялық олимпиадаға (ХАО), Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадарына (ХААО), Азия-Тұнық мұхитындағы астрономиялық олимпиадаға (АТАО) және «Юниор» оқушыларының ғылыми жұмыстарының конкурсын, «Ғылымға старт» оқушылардың Халықаралық ғылыми-техникалық жұмыстарының конкурсына, «Технодром» Халықаралық балалар лагеріне қатысушы командалардың толық құрамын қалыптастыру болып табылады.

Обсерваторияда кіші телескоппен күндізгі және кешкі күн және жұлдызды аспанның қызықты объекттерін бақылады. Кәсіптік мектептің оқушылары Планетарияда шоқжұлдыздармен, сфералық астрономия негіздерімен танысты. Оқушылар бос уақыттарын тиімді пайдаланды. Оқушылар үшін қызықты экскурсиялық бағдарламалар өткізілді: Алматы қаласы бойынша экскурсия, сонымен қатар Есік қаласындағы «Алтын адам» музейінде болды және Түрген сарқырамасына көтерілді.

Кәсіптік мектептің жабылуында салтанатты түрде барлық қатысушылар жақсы аяқтағаны үшін сертификаттармен марапатталды.