Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысы
03.02.2017
Алматыда «Бөбек» ҰҒПББСО Обсерватория базасында бірінші ғарышкер Юрий Гагариннин ғарышқа ұшқанына 55 жыл толуына орай Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысы өтті.
Ғылыми жарыстың қатысушыларын белгілі астроном Төкен Омаровтың ізін жалғастырушы ұлы, В.Г. Фсенков атындағы Астрофизикалық инcтитутта жоғарғы лобаранттан ҚР ҰҒА академигіне дейін көтеріліп, барлық ғылыми шығармашылық жолынан өткен, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы»-ның Президенті, физика-математика ғылымының докторы – Омаров Шыңғыс Төкенұлы қарсы алды. Қазақстанда Т.Омаровтың жұмысының әсерімен және оның басшылығымен шет елдерге белгілі аспан механикасы мен жұлдыздық динамика саласында сарапшылар ортасы құрылды. Өзінің мұғалімі – Т.Омаров туралы призентацияны ҚР ҰҒА-ның мүшесі, профессор Чечин Леонид Михайлович таныстырды. Оқушылар – болашақ ғалымдар – астрофизиктер қызықты естеліктер мен нұсқауларды үлкен қызығушылықпен қабылдады. Қазақстан Республикасының космонавты, Қазақстанның Ұлттық батыры – Айдын Ақанұлы Аимбетовтың қысқа әрі нұсқа сөзін қатысушылар үлкен қуанышпен және жоғары қошеметпен қабылдады. «Ғарышқа жол «Бөбектен» басталады» деген сөзі жас ғалымдар үшін жаңа жетістіктерге шабыт беріп қанаттандырды.
Қазақстан оқушылары үшін ғарыш туралы білім мұндай масштабтағы ғылыми іс-шаралар өткізу, мемлекетіміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның жеке қатысуымен 2009 жылы «Бөбек» ҰҒПББСО-да мемлекетіміздің ғарыш туралы білімінің орталығына айналған бірегей балалар Обсерваторясын ашқанын барлық қатысушылар қолдап отыр.
Ғылыми жарыстар аясында астрономия және ғарыш физикасынан ғылыми жобалар конкурсы және ғарыш физикасымен астрономиядан олимпиадалар өтті.
«Отождествление астрономических явлений с компьютерным симулятором» (Астана қаласының 9 сынып оқушылары – Омаров Шамиль және Крикунов Юрий), және “Ғарышқа ұшу кезіндегі ғарыштық кемелер мен станциялардағы экипаж мүшелерінің биологиялық және медициналық жағдайлары оны жақсарту жолы” жобасы (БҚО Орал қаласының 8 сынып оқушысы – Мұратов Исабек) жобалар сайысында көрсетілді, сонымен қатар қазылар алқасының және ғылыми жарысқа қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырған баяндама болды. Ғылыми жобалар жарысының ІІ және ІІІ жәрежелі дипломын Алматы қаласының №107 лицейінің оқушыларына табысталды.
Алматы қаласының оқушылары – Майлыбай Дінмұхамед пен Шалабаева Аружан (НЗМ физ-мат.) және Ахметова Ажар (РФММ) ең үздік нәтиже көрсетіп І дәрежелі дипломмен марапатталды.
ІІ және ІІІ дәрежелі дипломды Алматы қаласы №165 лицейдің оқушылары, және сонымен қатар Ақмола облысының, Солтүстік-Қазақстан облысының, Оңтүстік-Қазақстан облысының, Қызылорда облысының, Батыс-Қазақстан облысының оқушылары алды.
Республикалық ғылыми жарыстың бағдарламасына қызықты экскурсиялар кірді. Оқушылар үшін жалпы қала бойынша тур ұйымдастырылды, сонымен қатар Алматы маңындағы атақты «Тамғалы тас» ашық аспан астындағы музейіне саяхат жасады. Оқушылар қоршаған ортаның сұлулығынан тамаша әсер алды.
Оқушылар жаңа идеялармен қосымша білім алып үйлеріне оралды. Келесі кездескенше!