Астрофизиканың заманауи мәселелері мен оқушылардың астрономиялық Республикалық турнирі

03.02.2017

2016 жылдың 25 қыркүйек – 02 қазан аралығында Алматы қаласында Қазақстан Респуликасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Бөбек» ҰҒПББСО-дағы  Обсерватория базасында Астрофизиканың заманауи мәселелері мен оқушыларыдың астрономиялық Республикалық турнирі өтілді.

Астротурнир – бұл жоғарғы сынып оқушыларының  жеке топтық күрделі зерттеулерді шешу мен ғылыми жобалардың, өзінің сендіре аларлық шешімінің, ғылыми тұрғыдан талқылап қорғайтын жарысы. Турнир оқушылардың зерттеу конференциясы олимпиадаларда жасалған жағдайлар мен жарыстарды (физика-матеметикалық дайындығын тереңдету негізінде зерттеу жұмыстарын нақты шешу) лайықты үйлестіру.

Астротурнирге бес адамнан құралған топ – бір жетекші және төрт қатысушы шақырылды.Команда құрамы астротурнирдің соңына дейін өзгермейді. Арнайы тағайындалған топ жетекшісі астротурнирдің соңына дейін топты басқарады. Астротурнирге қатысатын топтар санын ұйымдастыру комитеті анықтайды. Топтар ғылыми жұмысты талқылауға  қатысқан және топтардың сандары жеребе ретімен анықталды. Астротурнир тапсырмалары және өткізу тәртібі алдын-ала әрбір топқа берілген.

Астротурнирдегі тапсырмаларды орындау кезінде, алдын ала эксперимент және қадағалауды талап етеді, яғни шағын зерттеу жұмысын жүргізу керек.

Осы жылы Қазақстанның 14 қаласынан, Астана қаласынан және Алматы қаласынан өтініштер келді. Республикалық Астротурнирдің барлық қатысушыларының саны 23 топтардан  тұрды. Жалпы қатысушылардың саны 120 адам.

Арнайы қонақ ретінде және қазылар алқасының мүшесі болып ұйымдастыру комитетінің шақыртуы бойынша, Тарас Шевченко атындағы Киевтегі УФМЛ ұлттық университетінің астрономия пәнінің мұғалімі, физика факультетінің инженері Симон Андрей Александрович келді.

Қазылар алқасының мүшелерінің жоғарғы біліктілігі, Қазақстанның оқушыларының арасындағы астрономия, физика, космонавтика сияқты білім аумағындағы тәртібіне сәйкес келді.

Астротурнирге қатысушы топтар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен, жеңімпаздар және қатысушы дипломымен марапатталды.

Мұғалімдер мейрамына байланысты «Бөбек» ҰҒПББСО бас директорының атынан құттықтау қағазымен топ жетекшілері марапатталды.

Үшінші дәрежелі дипломмен Астана қаласының командасы; Шығыс Қазақстан облысының командасы; Актобе облысының командасы; Қостанай облысының командасы, Алматы қаласының №140 мектеп командасы және Алматы қаласының №126 мектеп лицейі марапатталды.

Екінші орынды Алматы қаласының №104 мектеп командасы, Солтүстік Қазақстан облысының командасы және Алматы қаласының №165 мектеп лицейі алды.

Бірінші орынды Батыс Қазақстан облысының командасы және Алматы қаласындағы «Тамос Эдъюкешн» мектеп командасы алды.

Осы жылы Гран-приді екі команда жеңіп алды, соның ішінде Алматы қаласындағы «Өзін-өзі тану» гимназиясының командасы, топ құрамында Кадыров Амирхан – команда жетекшісі, Нурдавлетов Динмухаммед, Кисляков Никита, Сластен Дарья

Және Оңтүстік Қазақстан облысының командасы, топ құрамында Тілдебай Асан- команда жетекшісі, Әбіл Мақсат, Аманкелді Нұрғалым, Арынов Алихан.