«Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК «Өзін-өзі тану» балабақшасына балаларды қабылдау Ережелері

1. Жалпы ережелер

1.1.Бұл «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК- на балаларды тәрбиелеуге және оқытуға қабылдаудың ережелері Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына;  ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы  №1080 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартына (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту); ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйіне арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға»; ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30  қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген  білім беру ұйымдары қызметінің тиісті Үлгілік Ережелеріне; ҚР Президентінің Төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығына; ҚР Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 16 наурыздағы №1 және 2020 жылғы 17 наурыздағы №2 хаттамаларына сәйкес «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын, оқу бағдарламаларын іске асыратын «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК «Өзін-өзі тану» балабақшасына балаларды тәрбиелеуге және оқытуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.

1.2. «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК «Өзін-өзі тану» балабақшасы балаларды тәрбиелеуге және оқытуға қабылдауды ҚР Конституциясына, «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК Жарғысына, осы Ережелерге, өзге де нормативті-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Бала бақшаға келген барлық балалар әлеуметтік шыққан тегіне, жынысына, тіліне, мүліктік жағдайына, нәсілдік және ұлттық қатыстылығына, дін қатынасына, тұрғылықты жеріне қарамастан тең құқыққа ие.

1.3. Баланың құқығы ҚР – нда әрекеттегі «Баланың құқықтары туралы Конвенция» заңнамасымен қорғалады.

1.4. «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК «Өзін-өзі тану» балабақшасы «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде дарынды балалардың үйлесімді дамуына ықпал етуші, рухани-адамгершілік білім беруді жүзеге асырушы мектепке дейінгі білім беретін ұйым болып саналады.

Осыған байланысты балаларды тәрбиелеуге және оқытуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.

1.5. Балаларды топтарға қабылдау тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

2. «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК «Өзін-өзі тану» балабақшаның екінші кіші тобына қабылдау тәртібі

2.1. Балаларды екінші кіші топқа қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

2.2. Қабылдау комиссиясының құрамы «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК Бас директорының бұйрығымен ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін бекітіледі. Қабылдау комиссиясының құрамына кіретіндер: «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК Бас директорының орынбасары, «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК АҮДИ қызметкерлері, «Өзін-өзі тану» Гуманитарлық колледжінің, «Өзін-өзі тану» гимназиясының, «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК «Өзін-өзі тану» балабақшасының өкілдері, мектепке дейінгі білім беру саласындағы жоғары білікті мамандар қатарынан тәуелсіз сарапшылар.

2.3. Комиссия Бас директордың бұйрығының негізінде мыналарды жүзеге асырады:

• баланың әңгімелесу түрінде өткізілетін конкурсқа қатысуға ата- аналардан (заңды өкілінен). өтініштерді қабылдау

• баланың әңгімелесу түрінде өткізілетін конкурсқа қатысуға ата- аналардың (заңды өкілінің) өтініштерін тіркеу.

• Баламен ата-анасының (заңды өкілінің) қатысуымен конкурстық әңгімелесу өткізу;

• конкурстық әңгімелесуді комиссия мүшелері мемлекеттік және орыс тілдерінде ата-анасының (заңды өкілінің) таңдауы бойынша өткізеді ;

• Конкурстық әңгімелесуді жүргізу барысында баланың танымдық, әлеуметтік, коммуникативті-тілдік және денсаулық сақтау біліктілігі бойынша даму деңгейі зерттеледі;

• балалармен конкурстық әңгімелесу жайлы – ойын жағдайда ұйымдастырылады;

• Конкурстық әңгімелесудің нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған қабылдау комиссиясының барлық мүшелері қол қойады.

2.4. Комиссияның жұмысы туралы ақпарат   «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК РГКП www/bobek.kz. сайтында жарияланады.

2.5. Екінші кіші топқа ағымдағы  жылдың 1қыркүйегіне  2,5 жасқа толған балалар қабылданады.

2.6. Төтенше жағдай (жағдай), карантин және қатаң шектеу шаралары кезеңінде балалармен конкурстық әңгімелесу қашықтықтан өткізіледі.

3. «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК «Өзін-өзі тану» балабақшасының тәрбиеленушілері құрамына қабылдау

3.1. «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК «Өзін-өзі тану» балабақшасын жинақтау ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК Бас директорының бұйрығымен бекітіледі.

3.2. Балабақша топтарына қабылдау конкурстық әңгімелесудің нәтижелері бойынша хаттама негізінде жүзеге асырылады. Әңгімелесу барысында өзінің жалпы дамуы және шығармашылық қабілеттерін өте жарқын көрсеткен, дарынды балалар басым құқыққа ие болады.

3.3. Балаларды «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК «Өзін-өзі тану» балабақшасына қабылдау барысында олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК Бас директорының атына жазылған өтініш толтырылады. Өтінішке баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі қосымша тіркеледі. Ата-ана (заңды өкілі) өтінішті беру барысында өзін баланың заңды өкілі екендігін растайтын құжатын ұсынады.

3.4. «Өзін-өзі тану» балабақшасы және ата-аналармен (заңды өкілдерімен) өзара қарым қатынас «Өзін-өзі тану» балабақшасына баланы қабылдау барысында жасалатын шартпен реттеледі (екі данада, тараптардың әрқайсысына бір – бірден). Шартта баланың бала бақшаға келу тәртібі, еселік тамақтануы, қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерінің деңгейі мен мерзімдері, бала бақшаға балаға төлейтін төлемнің көлемі қосымша ақылы қызметтер және өзге де шарттар белгіленеді.

3.5. «Өзін-өзі тану» балабақшасына баланы қабылдау барысында басшы баланың ата-анасын (заңды өкілдерін) «Өзін-өзі тану» балабақшасының Ережесімен, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мазмұнымен, бақшаға баланы қабылдау тәртібін және оқу-тәрбие үрдісі мен медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырылуын реттейтін білім беру бағдарламалары және құжаттармен таныстыруға міндетті.

3.6. Қазақ  және  орыс  топтарындағы тәрбиеленушілер  саны 32-ден аспауы керек.

4. Конкурстық негізде қабылдау тәртібі

4.1. Жыл ішінде бос орын болған жағдайда тәрбиеленушілерді «Өзін-өзі тану» балабақшасына қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі және ол қабылдау комиссиясымен жүзеге асырылады, оның құрамы «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК Бас директордың бұйрығымен бекітіледі.

4.2. Жыл ішінде орын босаса, ол туралы қанша бос орын бары, тобы және оқыту тілі көрсетілген ақпарат ресми www.bobek.kz сайтында жарияланады, өтінімдерді қабылдау мерзімі белгіленеді. Өтінімдер баланың тек заңды өкілдерінен қабылданады. Алдын ала жазылу және қабылдаудың айрықша шарттары қарастырылмаған.

4.3. Конкурстық әңгімелесу өтінімдер тіркелген күннен 5 күн ішінде өткізіледі.

4.4. Конкурстық әңгімелесудің қорытындылары бойынша хаттама жасалады, оған қабылдау комиссиясының барлық мүшелері қол қойады.

4.5. Конкурстық әңгімелесудің қорытындылары және баланың қабылданғаны жөнінде ақпарат баланың заңды өкілдеріне дейін әңгімелесу өткізілген күннен 3 күн ішінде хабарланады.

4.6. «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК «Өзін-өзі тану» балабақшасына баланы қабылдау қабылдау комиссиясының хаттамасының негізінде «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК Бас директорының бұйрығымен толтырылады.

5. «Өзін-өзі тану» балабақшасынан тәрбиеленушілерді шығару тәртібі

5.1. Тәрбиеленушілерді бала бақшадан шығару «Өзін-өзі тану» балабақша басшысының жазбаша түрде шығару себебі жазылған ұсынысымен «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК Бас директорының бұйрығымен толтырылады.

5.2. Тәрбиеленушілерді «Өзін-өзі тану» балабақшасынан шығару баланың ата-анасымен (заңды өкілдерімен) жасалған шартты бұзу барысында жүзеге асырылады. Ата-анамен (заңды өкілдерімен) жасалған шарт мына жағдайда бұзылуы мүмкін:

• тараптардың келісімі бойынша;

• ата-ананың (заңды өкілдерінің) өтінімі бойынша;

• алты (жеті) жасқа толған жағдайда;

• баланың «Өзін-өзі тану» балабақшасына келуіне кедергі болатын денсаулығы жөнінде медициналық қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда.

5.3. Тәрбиеленушілердің контингентін (құрамын) сақтау үшін ата-аналар (заңды өкілдері) баланы бақшадан алып кетуі жөнінде алып кетуден кем дегенде 5 күн бұрын «Өзін-өзі тану» балабақшасының әкімшілігін хабарландыруы тиіс.