БАЛАБАҚШАҒА, ГИМНАЗИЯҒА, КОЛЛЕДЖГЕ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ

Балабақшаға қалай қабылданады?

Жауап: Балаларды «Өзін-өзі тану» балабақшасына қабылдау Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 26 бабына және «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК-ның 17.06.2015ж. Балаларды балабақшаға қабылдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады, толығырақ ақпаратты «Балаларды балабақшаға қабылдау» айдарынан табуға болады.

ОҚУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТУРАЛЫ

Гимназия сыныптарындағы балалар саны қандай?

Жауап: сыныптардағы балалар саны 16 адамнан артық емес.

(«Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК «Өзін-өзі тану» гимназиясына қабылдау ережелері, 2 тарау, 4 тармақ «Өзін-өзі тану» гимназиясы туралы ереже, 4 тарау, 14 тармақ).

ТӨЛЕМ ТУРАЛЫ

Гимназияда оқыту тегін бе әлде ақылы негізде жүзеге асырыла ма??

Жауап: ата-аналар оқушылардың 4 рет тамақтануы және жол жүруі үшін төлейді.

(«Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК және ата-аналар (немесе баланың басқа да заңды өкілдері) арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынасты реттейтін келісімшарт).

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БОЙЫНША БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ ТУРАЛЫ

«Бөбек» ҰҒПББСО-ның курстарынан қалай өтуге болады?

Жауап: Курстар басталардан бір ай бұрын «Бөбек» орталығы шақырухаттар жібереді. Әрбір аймақтан келетін тыңдаушылар құрамын облыстық білім басқармасы анықтайды.

«Бөбек» ҰҒПББСО-ның бас директорының атына 8-727-247-25-19 факсы немесе bobek_1@mail.ru электрондық пошта бойынша өтінім беру арқылы курстарға өзбетінше келуге болады. Өтінімде: курстардың мерзімі, үміткердің аты-жөні, лауазымы мен жұмыс орны, оқыту тілі, байланыс телефоны көрсетілуі тиіс.

Өтінімде үміткердің жұмыс орны басшысының қолы қойылып, ұйымның мөрімен расталуы керек.

Курстарға қабылдауда облыстық білім басқармасының тізіміндегі үміткерлерге басымдық беріледі.

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ

Гимназияда қандай клубтар мен үйірмелер бар?

Жауап: оқушылардың сабақтан тыс әрекеті әр алуан факультативтер, арнайы курстар, үйірмелер, мұғалімдер мен оқушылардың Ғылыми қоғамы (РОД орталығы), «Мен-полиглот» көптілді орталығы, «Өмір панорамасы» Баспасөз орталығы және басқа бірлестіктерді қамтитын қосымша білім беру жүйесі арқылы ұйымдастырылады. Гимназияда 6 бағыт, атап айтқанда музыкалық, театр-хореографиялық, спорт, көркем-эстетикалық, астрономиялық, пәндік-шығармашылық, қайырымдылық және адамгершілік – рухани бағыттар бойынша 50 үйірме, клубтар мен секциялар жұмыс істейді. 2016-2017 оқу жылынан бастап «Қоғамға қызмет ету» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

ӘРТҮРЛІ СҰРАҚТАР ТУРАЛЫ

Колледжді бітірген соң студенттер қандай құжат алады?

Жауап: колледждегі оқуды аяқтап, тәуелсіз емтихан – даярлық деңгейін бағалау емтиханын, сондай-ақ қорытынды мемлекеттік аттестацияны ойдағыдай тапсырған соң колледж түлектеріне Мемлекеттік үлгідегі Техникалық және кәсіби білім дипломы табыс етіледі.