Отзывы:
Уважаемые сотрудники лечебно – оздоровительного центра “Бобек”! Выражаю вам огромную благодарность за ваш труд, за заботу о наших детях. Моя внучка Бахытхан Альбина отдыхала в вашем центре
БАЛАБАҚШАҒА, ГИМНАЗИЯҒА, КОЛЛЕДЖГЕ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ
Балабақшаға қалай қабылданады?
Жауап: Балаларды балабақшасына қабылдау Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 26 бабына және «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК-ның 17.06.2015ж. Балаларды балабақшаға қабылдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады, толығырақ ақпаратты «Балаларды балабақшаға қабылдау» айдарынан табуға болады.
ОҚУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТУРАЛЫ
Гимназия сыныптарындағы балалар саны қандай?
Жауап: сыныптардағы балалар саны 16 адамнан артық емес.
(«Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК «Бобек» гимназиясына қабылдау ережелері, 2 тарау, 4 тармақ «Өзін-өзі тану» гимназиясы туралы ереже, 4 тарау, 14 тармақ).
ТӨЛЕМ ТУРАЛЫ
Гимназияда оқыту тегін бе әлде ақылы негізде жүзеге асырыла ма??
Жауап: ата-аналар оқушылардың 4 рет тамақтануы және жол жүруі үшін төлейді.
(«Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК және ата-аналар (немесе баланың басқа да заңды өкілдері) арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынасты реттейтін келісімшарт).
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ
Гимназияда қандай клубтар мен үйірмелер бар?
Жауап: оқушылардың сабақтан тыс әрекеті әр алуан факультативтер, арнайы курстар, үйірмелер, мұғалімдер мен оқушылардың Ғылыми қоғамы (РОД орталығы), «Мен-полиглот» көптілді орталығы, «Өмір панорамасы» Баспасөз орталығы және басқа бірлестіктерді қамтитын қосымша білім беру жүйесі арқылы ұйымдастырылады. Гимназияда 6 бағыт, атап айтқанда музыкалық, театр-хореографиялық, спорт, көркем-эстетикалық, астрономиялық, пәндік-шығармашылық, қайырымдылық және адамгершілік – рухани бағыттар бойынша 50 үйірме, клубтар мен секциялар жұмыс істейді. 2016-2017 оқу жылынан бастап «Қоғамға қызмет ету» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
ӘРТҮРЛІ СҰРАҚТАР ТУРАЛЫ
Колледжді бітірген соң студенттер қандай құжат алады?
Жауап: колледждегі оқуды аяқтап, тәуелсіз емтихан – даярлық деңгейін бағалау емтиханын, сондай-ақ қорытынды мемлекеттік аттестацияны ойдағыдай тапсырған соң колледж түлектеріне Мемлекеттік үлгідегі Техникалық және кәсіби білім дипломы табыс етіледі.