Өзін-өзі тану: Адам және Ғарыш
Әр баланың бойында жан дүниенің таусылмас энергиясы бар. Оның микрокосмосына бүкіл Космос сыйып кетеді. Рухани және мәдени жетілдірудің шегі жоқ болғандықтан оларды тәрбиелеу және білім беру осы үрдіске сәйкес болуы керек.
Амонашвили Ш.А.
Тәрбиедегі ең негізгі міндет – ол балаға космостық сананы қалыптастыру, яғни өз-өзін Ғарыштың, табиғаттың ажырамас бір бөлшегі екенін сезіну. Сол үшін адамгершілік-рухани білім және Әлемді зерттеу, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Ғарышты зерттеу және өзін-өзі тану – ол адамгершілік-рухани интеграциясының және астрономиялық білімнің негізі, Обсерватория жүргізіп отырған бұл барлық іс-шаралар, шын мәнінде, оқушыларды адамгершілік-рухани білімге насихаттау болып табылады.
Адамгершілік-рухани және космостық білім интеграциясы.
Ғарыштық білім екі салаға бөлінеді: аэроғарыштық (аэроғарыштық өнеркәсіп үшін болашақ мамандарды даярлау ерте кәсіптік бағдар болып табылады) және нақты ғарыш білімі ( ғарышты тану, ол адамның білімі мен дүниетанымының барлық жүйесі, жүйеқұрушы факторлары ретінде қалыптасады). Ғарыштық білім астрономияның іргелі ғылымын зерттеу болап табылады, сонымен қатар жаңа бағыттағы астробиология, астрохимия, ғарыштық-ракета техникалары және ғарышытық робототехникалар да кіреді.
Жыл сайын, Республикалық Профильдік мектепті өткізілу уақытында, жоғары сыныптың оқушыларымен «Жасанды интеллекттің мәселелері» тақырыбында «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылады. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасы арқылы робототехниканың этикалық мәселелерін шешеді, және де адамдар мен роботтардың өмір сүруінің өзекті мәселелері этикалық тұрғыда талқыланады, сонымен қатар әмбебап құндылықтар мен гуманизм негізіндегі ғылым қоғамына сұрақтар ұсынады .
2016-2019 жылдарға арналған ҚР білім беру және ғылымының дамуына арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, STEAM – білімі және робототехника бойынша білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында, обсерватория оқушылардың ғарыштық білім алу үшін қазіргі заманғы кәсіптік республикалық (халықаралық) оқу орталығы бола алады, және келесі бағыттар бойынша қызметтер жүзеге асырылады:
- астрономия және ғарыш технологиясы саласында қайта даярлау және мамандардың біліктілігін арттыру;
- тиісті оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылықты дамыту;
- Робототехникаға байланысты оқушыларға Smart – зертханалық жаттықтыруларды өткізу;
- орта білім беру бөлімінде STEAM-білімін іске асыру мақсатында физика және астрономиядан сабақ беретін мұғалімдер мен оқушылар үшін онлайн курстар өткізу.