5f6de4e3-4ae3-46b9-91b7-ea88dbc53f8d

2009 жыл – Халықаралық атрономия жылы – Қазақстан оқушылары үшін де маңызды жыл болды. Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның қолдауымен «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының бір бөлімшесі бірегей балалар обсерваториясы ашылды.

Обсерватория үлкен автоматтандырылған “Halfmann” атты телескоппен ерекшеленді, жұлдызды залда “Планетарий ZKR-4” аппараты орнатылған, сонымен қатар компьютерлік және мультимедиялық кабинеттері қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған.

Обсерваторияға күн сайын оқушылар космостық обьектілерге бақылаулар жүргізу үшін және ғаламдық құпиялармен танысу үшін келеді.

Табиғат заңдарын және планеталар мен күнді зерттей отырып, оқушылар адамзат баласын толғандыратын мәселелерді талқылайды және өздерінің болашақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Ғаламшарды тану арқылы, балалар өз-өздерін жақсы тану, қоғамдық ортада өз орнын білу және Жер шарындағы бейбітшілікке жауапкершілікпен қарауды үйренеді. Олар айналамыздағы барлық заттар Ғаламшармен тығыз байланыста екенін терең мағынада түсініп жатыр.

Обсерватория барлық Республика төңірегіндегі дарынды балар үшін, жақын және алыс орналасқан космосты бақылау, сонымен қатар ғаламдық құпиялармен танысу орталығы болып табылады. Дарынды балалармен жұмыс жасай отырып, жалпы білім беретін мектептердегі оқушыларға астрономия, физика, космостық робототехника және космонавтика, факультативті жұмыстарды жандандыру, үйірмелер, секциялар, ғылыми қоғамға, космостық бағытқа арналған клубтар, жаттықтыруда Космос және космостық технологиялар туралы білімдерін қолдану және оқу, дарынды оқушыларды анықтауда және олардың Халықаралық олимпиадалар мен конкурстарға дайындыққа, сонымен қатар оларға мамандық таңдауда көмек көрсету обсерваторияның басты мақсаттары мен міндеттері болып табылады. Жеті жыл бойы қатысқан Қазақстан Республикасының оқушылары Халықаралық астрономиялық олимпиадаларда әр түрлі номинациядағы 122 дипломдарды иеленді. Олардың ішінде соңғы төрт жылда алған 95 дипломдар.

Обсерваторияның негізгі жетістіктері халықаралық деңгейде белгіленді. «Бөбек» ҰҒПББСО-ның алғысы мен еңбегін бағалап, сонымен қатар Қазақстан Республикасында 2009 жылы Халықаралық астрономия жылын сәтті өтуіне көп үлес қосқаны үшін Халықаралық Астрономиялық одағының атынан Құрмет грамотасымен марапатталды. Осы жағдайдың барлығы мемлекеттің қолдауымен жүзеге асты.