Адамның үйлесімді дамуы институты «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру бойынша «Бөбек» Орталығының басты шығармашылық зертханасы болып табылады және елімізде рухани-адамгершілік білім беруді жетілдіру бойынша маңызды міндеттерді атқарады.

Институт қызметкерлері өздерінің басты мақсаты – еліміздің әрбір педагогіне жалпыадамзаттық құндылықтардың терең мәні мен мағынасын, маңызын аша отырып, өз тәрбиеленушілерін таным жолына бастау екендігін түсінуіне қажет жағдай жасау деп біледі.


Адамның үйлесімді дамуы институтының ұжымы

 

Адамның үйлесімді дамуы институтының құрылымына 3 бөлім кіреді:

  • Ғылыми-әдістемелік бөлім
  • Ақпараттық ресурстар бөлімі
  • Білім беру бағдарламалары бөлімі

Адамның үйлесімді дамуы институтының директоры
Калачева Ирина Владимировна

 


Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары
Джубатова Луиза Сатылғанқызы

 


Директордың ақпараттық-ресурстар қызметі бойынша орынбасары
Қалиева Гүлсара Исламғазықызы

 


Ғылыми хатшы Сағымбаева Гүлназ Үсенқызы

 

 

 

Білім беру бағдарламалары бөлімі Анжелика Александровна Карабутованың жетекшілігімен барлық білім беру деңгейлерінің педагогтары мен білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыруды, сондай-ақ курстық, курсаралық шараларды оқулықпен, бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми тұрғыда қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлері әрбір тыңдаушының оқушылары өздерінің ішкі рухани-адамгершілік әлеуетін аша алуы үшін оқу әрекетін ұйымдастыруына жағдай жасауда өзінің мұғалім және адам ретіндегі мақсатын жаңаша ұғынуына көмектеседі.

 

 

Бақыт Шалабайұлы Әлиев жетекшілік ететін ғылыми-әдістемелік бөлім пилоттық білім беру ұйымдары мен еліміздің білім беру ұйымдарын «Өзін-өзі тану» бағдарламасын дамыту бойынша ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді, теориялық зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін бөлімшелердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әрекетіне енгізеді; рухани-адамгершілік білім беру бойынша ғылыми-әдістемелік құралдарды, әдістемелік нұсқаулықтарды даярлауды жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлері өткізетін семинарлар, вебинарлар, шеберлік сыныптары мен  дайындаған ғылыми әзірлемелері еліміздің әрбір педагогінің «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының идеяларын терең түсініп, оқу-тәрбие үдерсін жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде құру іскерліктерін дамытуға  көмектеседі.

 

 

Әлия Айтмұхаметқызы Сапарованың жетекшілігімен ақпараттық ресурстар бөлімі балаларға, оқушы жастарға, ата-аналар мен педагогикалық қауымдастыққа арналған әртүрлі қызметтерді қамтитын көпсалалы www.ozin-ozi-tanu.kz интернет-порталының қызметін қамтамасыз етеді, сонымен қатар педагогтарға арналған рухани-адамгершілік білім берудің ақпараттық-ресурстық базасы ретіндегі республикалық ғылыми-әдістемелік «Өзін-өзі тану.kz» журналын  шығарады. «Өзін-өзі тану.kz» журналы мен рухани-адамгершілік білім беру порталы мұғалімдердің тәжірибе алмасу орталығына, алдыңғы қатарлы педагогикалық ізденістің шынайы мектебіне айналды.